Криминалистика
лау басқармасының аныктама бөлімі материалдарымен таны- су; ә) арызданушыдан жауап алу; б) өрт окиғасы болған жерді қарау; б) өртті сөндіруге қатысқан тұлғалардан жауап алу; в) өрт-техникалық сараптама тағайындау; г) сезіктіні іздестіру; д) тінту жүргізу; е) сезіктіден жауап алу. Осындай типтік ситуациялардағы өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу туралы істерді тергеу кезінде алғашкы тергеу әрекеттерінің өзіне тән мынандай жиынтық кешені қалыптасады: өртоқиғасы болған жерді карау; жәбірленушілерден, куәлардан, материал- ды жауапты және өртті сөндіруге қатысқан түлғалардан жауап алу ; Төтенше жағдай министрлігінің төтенше жағдай аясындағы мемлекеттік бакылау және кадағалау басқармасының аныкта ма бөлімі материалдарымен танысу; техникалык және баска да құжаттарды алу және қарау. Өрт кауіпсіздігі ережелерін бұзу жағдайларында екінші тер геу ситуацияларына тән жиынтык кешені: оқиғасы болған жерді қарау; жәбірленушілерден, куәлардан, материалды жауапты тұлғалардан өртгі сөндіруге қатысушылардан жауап алу; өртке қауіпсіздігі ережелерін (инструкцияларын), өрт кауіпсіздік ша- ралары жөніндегі бұйрықтар мен баска да техникалык құжат- тарды алу және зерттеу; өрт-техникалық сараптама тағайындау. §3. Тергеу әрекеттерінің тактикасы Берілген сипаттағы істер бойынша оқиға болған жерді карау күрделі әрі кейінге қалдырылмайтын, сондай-актергеудіңжағ- дайларын анықтауға мүмкіндік беретін тергеу әрекеті болып табылады. Бүл тергеу әрекетінің міндеттері: өрт болған жердің жай-күйін бекіту және зерттеу; өртті жақкан орнын (ошағын) табу; өртеу немесе өрт кауіпсіздігі ережелерін қылмыстық бұзу- ды, кінәлі түлғаны көрсететін белгілерді іздеу және бекіту; ин- сценировкаланған қылмыс екенін көрсететін іздерді табу және болжаулар құру үшін мәліметтерді жинау, алу. Қылмыс іздерінің өртпен жойылуына қарамастан, өртті мұкият қарау кезінде апатгың туындау себептерін түсіндіретін дәлелдемелерді табуға болады. Оқиға болған жерде мына мәсе- лелер анықталады: а) қай жерлер жанды; ә) өрт бір жерден, әлде бірнеше жерден шығып жанды ма; б) өрт калай таралды; өрт қандай тікелей себептерден туындады; өртгің гаралуына кан- дай да бір нәрселер эсер етпеді ме; в) жандыру белгісі болған 496
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==