Криминалистика
дың нәтижесі (корытындысы), баска да фактілік деректердің ерекшеліктері алғашкы типтік ситуаииялардың қатарын анык- тауға көмегін тигізеді. Олардың ішіндегі келесі бастапқы ситуа- циялар барынша негізгі болып табылады: — Өртеу немесе өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу туралы іс, сол күні өрт фактілері туралы хабарлаған жеке азаматгар мен лауазымды тұлғалардан, Төтенше жағдай министрлігініңтөтен- ше жағдай аясындағы мемлекеттік бакылау және қадағалау бас- кармасының анықтама бөлімінен алынған ауызша ақпараттары мен окиға болған жерді қарау мәліметтері бойынша козғалады. Өрт шалған объектілердің елеулі бұзылуына немесе адамдар- дың өліміне әкеп соқтырады. Оқиға болған жерді қарау жанған объект (өрескел) катты бұзылғандыктан немесе өртгі сөндіру ұзак уақытка созылуына байланысты толық емес көлемде (жар- тылай) жүргізіледі. Бірак өрттің пайда болуының орны туралы басты мәліметтер жиналады. Мұндай жағдайларда алынған ал- ғашқы ақпараттарда өрттің пайда болу себептері, оның мән- жайы және кінәлі тұлғалар женінде жеткілікті деректер бол- майды. Бұл алғашқы тергеу кезеңін қиындатады. Ситуация жал- пы карастырылып отырған іске тиісті мамандардың қатысуын және оған мұкиятталдау жүргізіп, бағалауды кажет етеді. — Өртеу немесе өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу туралы кыл- мыстық іс осы кылмыс белгілерін және оның мән-жайы жөнін- дегі мәліметтерді құрайтын анықтама қызметінің материалда- ры бойынша козғалды. Материал тергеу бөліміне өрт болған- нан кейін бірнеше күн өткен сон келіп түсті. Жоғарыда айтыл- ған бірінші жағдайға қарағанда өрттен болған зардап айтарлык- тай ауыр емес. Төтенше жағдай министрлігінің төтенше жағдай аясындағы мемлекеттік бакылау және қадағалау баскармасы- ның анықтама бөлімі материалдары белгілі бір жағдайда окиға- ның мән-жайлары мен пайда болу себептерін және оған кінәлі адамдарды анықтауға көмегін тигізеді. Тергеудің кеш басталу салдарына байланысты тергеу барысында жекеленген мәселе- лерді анықтауда біркатар киыншылықтар кездеседі. Өз кезегінде осы ситуациялардың әрқайсысы зардаптың ауырлығына, тергеу қарауының нәтижелігіне және т.б. себеп- терге байланысты түрлерге бөлінуі мүмкін. Жоғарыда көрсетілген екі ситуацияға катысты ең негізгі және маңызды тергеу болжаулары өрттің шығу себептеріне бай- лаңысты құрылады. Оның біріне өртеу туралы болжау жатады. 494
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==