Криминалистика

дайларда өртеу әрекетін жалғыз адам жүзеге асырады. Деген- мен де, казіргі кезде ұйымдаскан қылмыстардың пайда болуы- на байланысты өрт қоюшылар ұйымдаскан қылмыстык топ мүшелерінен тұруы мүмкін. Мысалы, бәсекелестерінен өш, кек алу, есеп айыру және т.б. мақсатта. Өрт қауіпсіздік ережелерін қылмыстык бүзған түлғалар еңбекті қорғау мен техникалық қауіпсіздік ережелсрін қылмыстық бұзған тұлғаларға тән белгілермен сипатталады. Жеке мүлікті өртеу кезінде мүндай қылмыстың криминалистикалық сипаттамасының қажетті элементі болып криминалистикалық маңызы бар жәбірленуші туралы мәліметтер табылады (оның жеке басы, өмір сүру бейнесі, шұғылданатын кәсібі мен істейтін жүмысы, араласа- тын адамдары және т.б. жөніндегі мәліметтер). Бұл мәліметгер өрт қою жағдайларын ескере отырып дереу түрде іздестіруге қажетті қылмысксрлер шеңберін аныктауга мүмкіндіктер береді. §2. Тергеудіц типтік ситуациялары, болжаулар және тергеуді жоспарлау Қарастырылып отырған кылмыстардың алғашқы мәліметтері үшін криминалистикалық тұрғыдан келесідей деректердің бо- луы тиіс: — өрттің фактісі туралы (орны, уақыты, салдары); — әдетте өрттен қалған материалдық дәлелдемелер (күйіп кету, күлі, балқу, деформация, материалдардың түсінің өзгеруі т.б.) және кінәлі адамдардың кылмыстық әрекеттерінің іздері туралы; — болжамды өрт себептерінің сипаты туралы деректердің. Әдетте аталған мәліметгер сәйкес (Төтенше жағдай министр- лігінің төтенше жағдай аясындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау баскармасының анықтама бөлімі) органдарға келіп түседі, олар тергеушілерді қылмыстық сипаттағы өрттер, сон- дай-ақ елеулі келтірілген материалдық задал немесе адам өліміне байланысты (ұштасатын) барлық өрт окиғалары туралы ақпа- раттармен камтамасыз етіп тұруға міндетті. Кейбір жағдайлар- да осындай мәліметтердің қайнар көзі ретіңде өрт болып жат- канын еңалғаш көрген азаматтар, өрттен зардап шеккен жәбір- ленушілер және лауазымды тұлғалар танылады. Өрт фактілері туралы алғашқы ақпараттардың түсу уақыты мен қайнар көздерінің өзіндік сипаты, өрт болған жерді қарау- 493

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==