Криминалистика
электрөткізгіш және жарықтандыру құрылғыларын тұтыну мен жасауға байланысты өрт қауіпсіздік ережелерін бұзу; отпен бай- ланысты жұмыстардың, от жағу және т.б. дұрыс жүргізілмеуі; жоғары өрт қауіптілік көздеріне (автокөлікке, жарылғыш зат- тарға т.б.) немқұрайлықпен қарау. Осы қылмыстардың механизмінің бастапқы кезеңінде өрт жасырын түрде болуы мүмкін, ал шарықтану және соңғы кезендерінде ашық және айқын түрде болады. Бұл механизм- дер бір жағынан түтіннің пайда болу ерекшелігі мен кезекті- лігінен, өрттің көрінісінен, оның жою күшінен, сонымен катар пайда болған жағдайлардан өртеуге байланысты қолданылатын тәсілдерден немесе өрт және баска да кауіптілік көздерін дүрыс пайдаланбаудан, ал екінші жағынан оттың өрттік және энерге- тикалық күшінен айқын түрде көрініс табады. Осы істер бо- йынша себепті байланыс туралы мәліметтерді алу үшін өрт механизмінің барлық кезендерінің көрінісін елестете білу қажет. Жағдайды анықтау үшін оқиғаға тікелей және жанама қатыс- қан тұлғалардың жүріс-түрыс сипаты жөніндегі, сондай-ақ келтірілген зардаптардың ауырлығы мен ерекшелігі туралы мәліметтер өте маңызды болып табылады. Осылардың бәрін анықтау істің мән-жайы туралы көптеген маңызды мәліметтерді және қылмыстың болған жерін, жасалу тәсілі мен механизмін, сезікті тұлғалардың шеңберін анықтау үшін қажет. Оқиға бол тан жерді мұқият қарау мен әр түрлі мамандарды орынды пай- далану бұл мәселені шешуді камтамасыз етеді. Өрт сөндіру жағдайы мен өрт сөндіру тактикасының крими- налистикалық маңызы бар. Өрт сөндіруші тұлғалардың өртті сөндіру бағытына, тандап алған әрекеттері мен тәсілдеріне бай ланысты өртеу кезіндегі ситуация аныкталады, бұл жағдайлар- да өртті адам өлімінсіз, елеусіз көлемде задал келтіріп сөндіруге, болмаса керісінше ауыр зардап, задал тудыруға әкеп соқтыруы мүмкін. Мұндай сипатгағы қылмыскерлердіңтипологиялыкерекше- ліктсрі де әр түрлі. Өрт жағушы тұлғалардын тұрғылыкты жерлері мен жұмыс орындарында олардың жеке басы жөнінде теріс (жағымсыз) мінездеме берілетіндігі сөзсіз. Олардың көпшілігі бұрын сотталған, ішімдікке, бүзақылык әрекетгерге бейім тұлғалар болып келеді. Мысалы, азаматтардың жеке мүлкін өртеу істері бойынша өртеушілердің басым көпшілігі б|рын әр түрлі қылмыстары үшін сотталған тұлғалар. Көп жағ- 492
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==