Криминалистика

Талқыланып отырған кылмыс түрінің криминалистикалық сипаттамасы қылмыстык қол сұғушылықтың пәнін сипаттай- тын мәліметтерден, яғни оларды жасау жағдайлары мен меха- низмінен, әдістерінен, қылмыскердің жеке басының ерекше- ліктерінен, кейбір жағдайларда өрт сөндірушілердің өрт сөндіру кезіндегі әрекетгерінен көрініс табады. Белгіленген істер бойынша кылмыстық қол сұғушылык пәнінің жоғарыда көрсетілген ерекшеліктері, өрт кезінде жо- йылған немесе зақымдалған мүліктіңсипатын (мемлекеттік не- месе жеке, оның түрі, қүны, т.б.), өрттің туындау себептерін, бұзылған өрт қауіпсіздік ережелерінің түрін анықтау үшін кажет. Аталған ерекшеліктер туралы мәліметтер қылмыстың жасалу әдісін, жағдайы мен механизмін, күкыққа кайшы әрекеттің ниетін, құкық бұзушылардын жеке басын аныктауда маңызды. Аталған қылмыстардың жасалу тәсілдері де әр түрлі. Көбіңде касақана жасалған өрт кылмыстарына мынандай сипаттамалар тән: дайындык кезеңінің болуы: қылмыстық кол сүғушылық- тың объектісі туралы мәліметтер жинау; оны зерттеу; өртейтін объектіге бару; қылмыстық ниетті ойластыру; өртеу үшін кажетті техникалык құрал-жабдықтарды тандап алу; болатын жағдайға немесе осы жағдайдын өзгеруіне өзін бейімдеу; өрттің ізін жасыру үшін шаралар колдану. Сонымен катар өрттің жа ­ салу тәсілдеріне байланысты мынандай бірнеше типтік түрлер- ге бөлінеді: тез жанатын және тез тұтанатын материалдарды өртейтін жерлерде болған өрт; жандыруға арнап жасалған ма- териалдар көмегімен өртеу; жылдам немесе жоспарланған уақытта оттың сыртқы көзінен туындауына есептеліп жасалған жағдайлардың немесе арнайы дайындалған техникалық кұрал- дардың көмегімен өртеу; кандай да болмасын заттар мен мате- риалдардың өзінен-өзі жануына колайлы жағдайлар жасау жо- лымен жасалатын өрт. Өз кезегінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бүзуға дайындык кезені тән емес, дегенмен де жасалатын әрекеттердің жауапты- лығынан бас тарту мақсатында оқиғаның мәнін жасыруға бай ­ ланысты кылмыстык әрекетті бүркемелеуі мүмкін. Аталған құқык бұзушылыктар, олардың жасалу тәсіліне байланысты бірнеше түрлерге бөлінеді: тұрмыстык және өндірістік-жарык- тандыру, жылыту, газ және химиялық күрылғыларды пайдала- ну мен сақтау кезінде өрт кауіпсіздік ережелерін сақтамау; 491

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==