Криминалистика

бөтен адамның мүлкін қасақана немесе абайсызда жою немесе бүлдіру; өрт қауіпсіздік ережелерін бұзу; атом энергетикасы объектілерінде қауіпсіздік ережелерін бүзу; тау-кен немесе құрылыс жүмыстарын жүргізу кезінде кауіпсіздік бұзу; жары- лыс қаупі бар объектілерде қауіпсіздік ережелерін бүзу. Өртке қатысты қауіпті заттар мен материалдарды өндіріс процесіне енгізу жағдайындағы өрттің алдын алу және тергеу мәселелері өте өзекті, әрі көп аспектілі болып табылады. Бірак бүл қылмыстар көбінде ашыла бермейді. Тергеудің үстірт жүргізілуі салдарынан өрттің болу себептері анықталмай кала- ды, кінәлі тұлғалар әшкерленбейді, өрттің нәтижесінде келті- рілген материалдық залалдардың орнын толтыруға байланыс- ты қажетті шаралар қолданылмайды. Қылмыстық іс жүргізу заңының нормаларына сәйкес әрбір болған өртке байланысты оның пайда болу мән-жайларын анык- тау мақсатында тексеру жүргізіледі. Кылмыс құрамының белгі- лері толықболған жағдайларда кылмыстық іс қозғалады. Төтенше жағдай министрлігінің төтенше жағдай аясындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау баскармасының анықта- ма бөлімі өрт жөніндегі аныктау органдары болып табылады. Оларға келесідей міндеттер жүктеледі: өрттің пайда болу себеп- тері мен жедел-іздестіру шараларын жүргізу; кінәлі тұлғалар- ды аныктау; өртті ескерту және оның алдын алуға байланысты қажетті жүмыстарды жүзеге асыру. Өртке байланысты істер бойынша алдын ала тергеу өндірісін жүргізу қажет. Анықтама органы кылмыстық істі қозғайды және қылмыстық жазалайтын әрекеттің іздерін анықтау мен бекіту үшін кажетті тергеу әрекеттерін жүргізеді. Қылмыс ашылған- дығы және ол бойынша анықтау әрекеті басталғандығы жөнінде прокурорға дереу хабарланады. Кейінге калдырылмайтын тер ­ геу әрекеттерін орындау кезінде анықтама органы тергеушіге істі беруге міндетті. Өртке байланысты істер бойынша алдын ала тергеу жұмыстарын ішкі істер органдарының тергеушілері жүргізеді. Қылмыстық істер мынандай жағдайларда қозғалады: а) өртеу белгілері болған; ә) адам өлімі болған; б) өрт үлкен апатқа ай- налған; в) ірі мөлшерде материалдык залалдар келтірілген; г) басқа қылмыс белгілері болған; д) өрттің болу себептері анық- та/імаған жағдайларда. 490

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==