Криминалистика
Белгілі бір жағдайларда кешенді, яғни криминалистикалық сараптамалар, көліктік-трасологиялык сараптамалар тағайын- далуы мүмкін. Мысалы, соқтығысу кезіндегі көлік күралдары- ның өзара орналасуы мен оқиға болған жердегі іздерді анықтау үшін; нақты бір көлік күралының іздері және фар сынықтары мен дөңгелек іздері бойынша басып кеткен көлік құралының типін (түрін, маркасын) анықтау максатында. Жол-көлік оқиғасына байланысты автотехникалық және криминалистикалықсараптамаларды Казахстан Республикасы Әділет министрлігі Сот-сараптама орталығында немесе сәйкес мамандандырылған органдар жүргізеді. Жоғарыда аталған сараптама түрлері бойынша ғана барлық сот-сараптама зерттеулерін жүргізу мүмкін емес. Қажетболған жағдайларда: сот-психиатриялық, сот-психологиялық, психо- физиологиялық және баска да сараптамалар тағайындалады. Өзгедетергеу әрекеттері: белгілі бір жағдайларға байланыс ты тергеу эксперименті мен көрсетпені оқиға болған жерде тек- серу әрекетгерін жүргізу қажеттілігі туындайды. Олар - белгілі бір жағдайларда накты бір әрекеттерді колдану мүмкіндіктерін, белгілі бір ситуацияда осы және баска да іздердің пайда болу мүмкіндігін, жол ситуациясындағы осы немесе баска жағдай- ларды - тұлғалардан жүргізушінің, жәбірленушілердің, куәлар- дың кабылдау мүмкіндіктерін тексеру үшін тағайындалады. Бірақ тергеу эксперименты жүргізу барысында зардаптар мен залалдарға әкеп соқтыратындай әрекеттерді жасауға тыйым салынатындығын тергеуші естен шығармауы тиіс. Тергеліп отырған қылмыстык іс материалдары бойынша тергеуші қылмыстык іс жүргізу заң талаптарына сәйкес жол- көлік оқиғасын жасауға мүмкіндіктер туғызған себептер мен анықталған жағдайларды алдын алу үшін міндетті түрде шара- лар қолдануы кажет. Мұндай шаралардың қатарына: сәйкес кәсіпорын, ұйым және мекемеге тергеушінің ұсыныстар жасау, баспа, радио және телеарналары арқылы хабарландыру, өкілетті тұлғалар мен жетекшілерімен жеке әңгіме-кеңес жүргізу ша- ралары жатады және т.б.. Тергеушінің әрекеті нақты бір қылмыстық іс материалдары бойынша ғана кылмыстың алдын алу шараларын жүргізумен шектелмейді, сонымен катар, түпкілікті қылмыстылықпен күрес жургізу жоспарында жалпы алдын алу шаралары жүргізіледі. 488
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==