Криминалистика

Егер көлік қүралы апат болған жерде болса, оны карау окиға болған жерді караудың бір бөлігі болып табылады. Ал апат бол- ған орыннан машинаны алып кеткен жағдайларда, оларды қарау жеке жүргізіледі. Жол-көлік оқиғасына қатысты жүргізуші көлігімен окиға болған орыннан кетіп қалған (жасырынған) кездерде көлік құралдарының моделін, түрін аныктауға мүмкіндіктер бере- тіндей белгілерге аса назар аудару қажет. Мұндай максатта табу мен бекітуге келесідей іздер жатады: дөңгелектен қалған (колея- сыныңені, протектордың ені, протектордыңөрнегі, көлікқұра- лының базасы, дөңгелектің бір айналым ізінің ұзындығы және т.б.) іздер; жәбірленушілерде, айналадағы объектілерде қалған іздер (олардың формасы, өлшемі, таралуы), жеке бөлініп кал ­ ган детальдар, жанар-жағармай, бояу, жүк бөлшектері және т.б. іздері. Көрсетілген объектілерді алдын ала зерттеу көлік кұралда- ры бойынша іздестіру жұмыстарын жүргізуге мүмкіндіктер беретіндей бағдарламалық мәліметтер алуға көмегін тигізеді. Оқиға болған жер мен көлік күралдарын қарау барысында микробөлшектерді бекіту, алу және зерттеулер жүргізуге аса көңіл бөлінеді. Адамды (жануарларды) кағып кету кезінде киімдердің, адам терісінің, шаштарының, қандарының, мый күрамының микробөлшектері автокөліктің адамға соққы бер- ген бөлігінен, ал басып өткен жағдайларда жүріп өткен бөлік- терінен табылады. Басып өту механизмі жөнінде кандай да бір мәліметтер болған жағдайларда ең алдымен көлік құралы жәбірленушімен байланыс жасады-ау деген бөлшектерін карау керек. Қарау барысында қажет болған жағдайларда күшейтілген жарыктандыру қолданылады. Микробөлшектерді іздеу кезінде ұстағышы бар лупаларды қолданған тиімді. Басып кету меха ­ низм! белгісіз болған жағдайларда лак, бояу қабаттарының, ағаштардың, металл, шыны, резенкелердің микробөлшектері көлік құралдарының сырғанау іздерінен және оның басқа да зақымданған бөлшектері (бағана, ғимарат, шарбақ, табиғи кедергілер мен және т.б.) байланыс жасаған бөгеттерден табы- луы мүмкін. Оқиғаға қатысы бар микробөлшектер жойылып кетпес үшін апаттан кейін көлік құралын мүмкіндігінше тезірек, дереу таза әрі қүрғақ гаражға әкеліп қою қажет. Сонымен қатар, көлікті жууға, тазалауға, жөндеу жұмыстарын жүргізуге болмайды. 483

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==