Криминалистика

Басып озу кезінде соқтығысқан жағдайда жол қозғадысы болған учаскелеріне қарау әрекеттері жүргізіледі. Жолдың тегістік жағдайына, жол белгілерінің көрініп тұруына аса назар аударылуы қажет. Барлык жағдайларда көлік құралының қозғалыс бағытын анықтап, окиға болған сәттегі козғалысқа қатысты жолдың (көшенің) жүретін бөлігін екі жақ бағытынан енін бекіту ке- рек. Мәйітті карау әрекеті криминалистикамен қалыптастырыл- ған жалпы ережелер бойынша жүргізіледі. Бірақ, жол-көлік оқиғасы ерекшеліктеріне байланысты қараудың бұл түріне кейбір ерекшіліктер тән. Мәйіт пен онын киімдерін караудың нәтижелері оқиғаның механизмін, оның болу себептерін анык- тауға, ал кейбір жағдайларда жол-көлік оқиғасы болды деп инс- ценировкаланған кездерде қылмыстың болған орны осы жер деп қорытындылар жасауға мүмкіндіктер туғызады, сонымен қатар жәбірленушінің киімінен табылған бөлшек іздері бойын- I шакөлік құралдарын идентификациялауға болады. Қарау барысында іздеп табу мен бекітуге келесілер жатады: жолдың жүретін бөлігіне, қозғалмайтын объектілерге, көлік қүралына қатысты мәйіттіңорналасуын; қан іздерініңорналас- қан жерін, және оныңформасы мен өлшемін; киімдері мен аяқ- киімдерінің, жарақаттарынын жағдайына, көлік құралы бөлшектері іздерінің бар-жоғына, топырақ, бояу, майлайтын ма- териалдар, шыны үгіндері, металдағы шаңдар мен басқа да лас- тану іздерін, олардың формасы мен өлшемін; мәйітгегі жара- қаттар, жаралар, канның ұйып қалуы, олардың мәйіт денесіне жайылып таралуын, формасы мен өлшемін; маңындағы жыл- жымайтын объектіден арақашықтығын; мәйіттің денесіндегі, киімдегі протектордың ізін, радиатор торының және көлік кұра- лының баска да бөлшектерінің бейнеленіп түскен іздерін. Мәйітті сүйрету кезінде денесі мен киімівде қалған іздерді анық- тау кажет. Сонымен катар көлік қүралдарын қараудың да маңызы ерек- ше. Оның мақсаты көлік күралының түрі мен оның техника- лық жағдайын анықтау, сондай-ак көлік құралдарынан әр түрлі (жәбірленушініңканы, мыйы, шашы, киімініңбөлшектері, бөгде бояулар, шынылар және т.б.) затгай дәлелдемелерді іздеп табу. Анықтау, қарау және бекітуге, сонымен катар, соқтығысу нәтижесінде пайда болған көлік құралдарындағы іздер жатады. і 482

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==