Криминалистика
куәлігін, көліктің техникалык паспортын, жолдама кағазын, жүк тасуға байланысты берілетін накладнойларды) алуы кажет; в) мае күйінде болған-болмағандығын анықтау мақсатында жүргізушіні медициналык куәландыруга жіберуі тиіс; г) көлік жүргізушісі окиға болған орыннан жасырынып кетіп қалған жағдайларда, оны іздестіру мен ұстау шараларын үйым- дастыру қажет; д) тергеуші оқиға болған жерге келгенше окиғаның жағдайы- на қандай да бір өзгерістер енгізілгендігін немесе енгізілмеген- дігін анықтауы керек. Жағдайдың жай-күйін өзгеріссіз сақтап калу мүмкіндігі болмаған жағдайларда көлік қүралдарының түрған орны бекітіледі, жәбірленушінің орналасу жағдайы, кан іздері, жанар-жағармай материалдары, көлік құралыныңдеталь- дары мен бөлініп калған бөлшектері, жүктер және т.б. белгіле- неді. Қарау әр түрлі тәртіпте жүргізілуі мүмкін. Мақсатты түрде алдымен жол учаскелері қаралып, содан кейін окиға болған жер тексерілуі қажет. Себебі жол бойындағы немесе т.б. жерлердегі іске қажетті іздер мен баска да заттай дәлелдемелер жаяу жүрген адамдармен, болмаса көлік құралдарымен жойылып кетуі ықти- мал. Содан кейін шыны үгінділерінің, шашыраған балшыктар, жүктен калған бөлшектер, жол бетіндегі іздердің орналасу ы және т.б. бойынша апат болған жердің орталығы аныкталады. Жоғарыда аталған барлык объектілер олардын орналаскан жері мен көлемдері көрсетіле отырып бекітілуі тиіс. Оларды белгілі бір қозғалмайтын объектілерге (мысалы, жолдың жаға- сына, жиегіне, электр бағаналарына және т.б. объектілерге) катысты бекітеміз. Әсіресе тежеу іздерін аныктау мен оларды өлшеудің маңы- зы ерекше. Тежеуішті жедел басқан кезде жодда май жағылған сияқты протектордың таңбасы қалады. Ол бойынша көлік күра- лының жүру жылдамдығы мен қозғалыс бағытын анықтауға болады. Көлік құралы тайған немесе ол аударылып-төңкеріліп калг ан жағдайдаларда оның бұрылу радиусын, жол учаскесінің ай- налмасының радиусын аныктау керек. Бұл үшін арнайы маман- дар қатыстырылады. Жолдың, болмаса көшенің түйіскен жеріңде соқтығысу бол тан жағдайларда, түйіскен жердің өзі карауға жатады, оған келу мен одан кету, бағдаршамдар, жол белгілері (егер болса), жол- ды кесіп өтетін белгілер және т.б. каралып тексеріледі. 31-846 481
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==