Криминалистика

дарын сапасыз жөндеу оларды техникалық жөндеу орталыкта- рында (ТЖО) жөндеу кезінде көлік құралдарының орнына стан- дарттан тыс қолдан жасалған, болмаса сапасыз деталь бөлшектерін, тез жанып кетуге бейім материалдарды пайдала- ну туралы куәландыратын фактілер жиі кездеседі. Техникалық акаулықтағы автокөлікті жүргізу кезінде көбінде ауыр зардап- тарға әкеле-тіндей апаттар болып жатады. Жол-көлік оқиғасы — себептер мен салдардың жиынтығын күрайтын көптеген жағдайлардың нәтижесінде болады. К,ауіп- сіздік ережелерін бүзудың ақиқатын аныктау тек қылмысты ашуға кажетті мән-жайларға байланысты жағдайларды анык ­ тау ғана емес, сонымен катар автокөлікті пайдалану мен қозға- лыс қауіпсіздігін камтамасыз етудің ажырамас бөлігі болып та- былады. Әдетте автокөлік қылмыстарына себеп болатын жағ- дайларға мыналар жатады: көлік қүралы мен жолаушылардың козғалысын ұйымдастырудағы кемшіліктер, көлік кұралдары- ның, жол мен көшелердің техникалық жағдайына бақылауды дұрыс жүргізбеу; жол полициясы жағынан тиісті козғалысты бақылаудын нашарлығы немесе жоқтығы; жүргізушілерді (кәсіптенген және авто-әуеской) дайындаудағы кемшіліктер, жол қозғалысына катысутыларға кауіпсіздік ережелерді наси- хаттау жұмысынының өз деңгейінде жүргізілмеуі және т.б. §2. Типтік ситуациялар мен болжаулар және тергеудін алғашқы кезеңі Жол-көлік оқиғасының тергеу тәжірибесін талдап жалпы- лау оның типтік тергеу ситуацияларын толық қалыптастыруға, сондай-ақ солардың негізінде жол-көлік оқиғасының тергеу жоспарын ұтымды түрде пайдалану үшін қажетті жедел-іздестіру шараларын және алғашкы тергеу әрекетгерінің жиынтығы мен типтік тергеу болжауларын қүруға мүмкіндіктер береді. Берілген санаттағы іс бойынша типтік тергеу ситуациялары мен болжаулар катарына келесілер жатады: 1) жол-көлік оқиғасын қалыптастыратын динамикалык өзгерістердің тоқтау сәтіндегі жағдай өзгеріссіз окиға болған жердегі барлық тиісті заттармен бекітілген. Бұл ерекше ситуа- циялық жағдайлардағы тергеу болжауларына: а) оқиғаның болу себебі — жүргізушінің жол қауіпсіздік ережелерін қылмыстык бүзу салдарынан; ә) окиға жол қозғалысы ережслерін жәбір- 477

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==