Криминалистика
Автокөлік қозғалысы қауіпсіздік ережелерін қасакана бүзу- дың әдеттегі ниеттеріне төмендегілер жатады: — жеке басының мақсатына жетуге байланысты өзімшілдік сезімнің тууы. Мысалы, белгілі бір жерге тезірек жетуге ынта- лану немесе өз ісініңдұрыстығын бекіту нәтижесінде жол қоз- ғалысы ережелерін өрескел бүзуға әкеп соқтыратын әрекетгер; — өндірістік мүдделермен байланысты жалған түсініктегі ниеттер (жүргізушілердің көп мөлшердегі заттарды жылдам- жылдам тасып бітіруге тырысу нәтижесінде ережелерді бұзуы). Нақты жағдайда субъект нормативтік талаптарды елемейді, себебі оларды формальды түрде орындаудың қажеті жоқ, тіпті нақты ситуацияда ол талаптарды орындау артығырақ деп санай келе, бұл жерде кауіпсіздік ережелері бүзылса нәтижесі ешқан- дай ауыр зардаптарға әкеп соқтырмайды деп ойлайды. Қауіпсіздік ережелерін касақана сактамау әрекеттері (әрекетсіздіктері) келтірілетін зардаптарға байланысты қылмыс- тық өзіне сенушілікпен ұлғасуы мүмкін. Кінәлі тұлға болатын ситуацияны алдын ала біле тұра жеңіл ойлылықпен немесе өзінің жүргізушілік тәжірибесіне, әккілігіне және т.б. сенуімен ере- же тәртіптерді қасақана бұзады. Мұнда жол-көлік қозғалысы ережелерін бұзу ниеттері, бұл қылмыстардың келтірілетін зар- дабына қатысты субъектінің абайсызда жасағандығын куәлан- дырады. Сонымен қатар, қауіпсіздік ережелерін қылмыстық бұзу кезіндегі жағдайлар, оның орны, уакыты және басқа да жағдай- лар криминалистикалық мәнге ие болады. Жол жағдайы объективті және субъективті жайтгардан тура- тын күрделі динамикалық жиынтыктүрінде жүргізушімен көлік куралын жүргізу кезінде ескерілуі керек. Мысалы: түнгі уақытта жарықтандырудың және жолды жөндеу жағдайларының дұрыс болмауы, жаяу жүрушілер мен жүргізушілердің мінез-құлық, жүріс-тұрыс және жылдамдық жағдайлары және т.б. Жолдың жағдайы күрделі болған сайын ол жерде автокөлік апаттарының болу ықтималдығы өседі. Мысалы, белгілі бір уақыт аралығында автокөліктердің үзіліссіз шамадан тыс көп жүруі кезінде, сондай-ақ ауа райы нашар болған күндері (жаң- бырлы, карлы, боранды т.б.), түнгі уақыт аралығында жол-көлік окиғаларының орын алуы байқалынады. Апатқа түскен автокөліктің техникалық күйінің де крими- надистикалык мәні бар. Сот-тергеу тәжірибесінде көлік құрал- 476
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==