Криминалистика
төңкерілуі; жолаушылардыңавтокөліктен құлауы (ұшып кетуі) және т.б. Автокөлік қылмыстарына — жол кауіпсіздік ережелерін қаса- кана бұзып немесе көлік құралдарын пайдалану кауіпсіздігіне немқұрайлықпен қарау ситуациялары тән. Бұл қылмыстың қоғамда кең өріс алуы мен ерекше кауіптілігі жүргізушілердің криминалдық ситуацияларынан көрініс табады. Олардың әрекеттерінен, атап айтқанда, көлік құралдарын мае күйінде жүргізулерінен. Көрсетілген ситуациялардын нәтижесінде адамдарды, велосипедшілерді басып кетуіне; көлік күралдарын соғу мен аударып-төңкерілуіне; жолаушылардың көлік құралдарынан ұшып шығып кетуіне әкеп соктыратындай жағдайлар болады. Жол-көлік кауіпсіздік ережелерін бұзу кылмыстарына да- йындалу, оны жасау мен ізін жасыру тәсілдері сиякты крими- налистикалык сипаттағы мұңдай элементтерді қарау кезіңде, бұл кылмыс түрі (КР-ның КК-нің 298-299-баптарында қарастырыл- ған қылмыстарды қоспағанда) абайсыздык категорияларына жа- татындығын ескеру қажет. Жол-көлік қозғалысы ережелерін кылмыстықбүзуға - көлік құралдарын сапасыз жөндеу және оларды техникалық ақаула- рымен пайдалануға шығару, көліктің қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ережелерді бүзу, көлік қүралдарын немесе катынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа келтіру, мае күйіндегі адамды көлік құралын жүргізуге жіберу және т.б. әре- кеттер жатады. Сонымен қатар жол-көлік кдуіпсіздік ережелерін бұзу, әдет- те жүргізушілердің құкыққа қарсы мынандай мінез-құлық, жүріс-тұрыс әрекеттерінен көрініс табады: жылдамдықтың ша- мадан артык болуы, озып өту, қатар жүру мен жол ережелерін бүзудан; қарама-қарсы жолға шығып кетуден; қиылыскан жол- дардан өту тәртіптерін бұзудан; шам жарығымен жолды көрсет- пеуден; темір жолдан өту ережелерін бұзудан; жол қозғалысы- на қауіп төндіретіндей ақаулықтағы көлікті жүргізуден. Тұлғалардың көлік кұралдарын мае күйінде жүргізуі өте қауіптілікке әкеп соқтырады. Арнайы медикопсихологиялык және психофизиологиялық зерттеулер адам ағзаларындағы елеусіз алкогольдік ішімдіктердің болуының өзі, оның авто- көлік, мотоцикл, трактор және баска да механикалык көлік құралдарын жүргізу қабілетгілігін төмендететіндігін дәлелдейді. 474
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==