Криминалистика

- ұсынылып отырған өнім толык өндеу циклынан өткен, өтпегендігі, егер толық өтпесе өндіріс циклінің қай кезеңінде технологиялык процесс тоқтатылғандығы және т.б. Материалдарды дайындау кезінде міндетті түрде келесілер берілуі тиіс: өнім немесе оның үлгісі; жартылай фабрикаттың кұжаттары (өнімдердің техникалык жағдайлары туралы); цех жұмыс процесінің көрінісін көрсететін журнал, лаборатория- лық талдау мәліметтері; технологиялық жабдықтарды қарау туралы хаттамалар; жұмысшылардан жауап алу хаттамалары; сарапшылардың қорытындылары. Сот-қурылыс сараптама. Бұл сараптаманың пәніне — құры- лыс объектілерімен байланысты жағдайлар жатады, нақтылап айтқанда жобалау процесінен бастап құрылысты пайдалану және оларға жөндеу жұмыстарын жүргізу жағдайлары. Сот-күрылыс сараптамасын үш түрге бөліп көрсетуге болады: 1) кұрылыс-экономикалык; 2) күрылыс-тауартанымдық; 3) кұрылыс-техникалык. Бірінші жағдайда — сараптаманың пәні кұрылыстың: баға- сын, есебін, ондағы есептік құжаттамаларды дұрыс жүргізу жағ- дайларын анықтаумен байланысты болады. Бұл жағдайда сәйкес қойылатын сұрақтар: - сметалык қүжаттамалар дүрыс әрі негізді жасалынған ба және олар мемлекеттік стандартқа сәйкес келе ме; - қабылдау актілері мен смета құру кезіндегі бағалау дұрыс па, негізді ме; - кұрылыс-монтаждык, құрылыс-жөндеу жүмыстарын жа- саудағы шарттык баға негізделген бе; - фактілік бағасы кандай; - базар бағасы қандай; - орындалған жұмыстың көлемі және бағасы кандай; - кұрылыс материалдарының бағасы кандай; - қауіпсіздік ережелері мен еңбек шарттары сакталған ба; - күрылыс материалдары жобаға, нормаға сәйкес пе және т.б. Екінші және үшінші жағдайларда сараптама жүргізу бары- сында анықтауға жататын жағдайлар: нақты орындалған құры- лыс-монтаждык немесе күрылыс-жөндеу жұмыстарының көлемі кандай; - кұрылыс-монтаждық жұмыс немесе қүрылыс-жөндеу жүмыс сапасы кандай; 471

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==