Криминалистика
Мамандар кұжаттарды табуға, тергеушіге қажетті фактілері бар құжаттарды алуға және олардағы кемшіліктерді анықтауға көмектеседі. Егер тергеуші сарапшыға қажетті материалдарды жібермеген жағдайларда, сарапшы өидірісті тоқтатып қажетті материалдар ды тергеушіден талап ете алады. Сот сараптама орталығының тәжірибесі көрсететіндей тағай- ындалған экономикалық сараптаманың басым көпшілігі, яғни 100%-ға жуығы қосымша материалдарды талап етуге мәжбүр болатындықтарын көрсетеді. Қаржы-экономикалык, сот сараптамасы. Бұл сараптаманың пәні болып — кәсіпорын, мекеме, ұйымдардың экономикалық және каржылық мүлкін көрсететін жағдайлар табылады. Оны тағайыңдау қажеттілігі жалған банкроттыққа ұшырау, салық төлемеуге, несиені кайтармауға, заңсыз жекешелендіруге; бөтеннің мүлкін ұрлауға байланысты қылмыстарды тергеу кезінде туындайды. Каржы-экономикалык сараптама келесідей екі түрге бөлінеді: 1) қаржы-несиелік зерттеу; 2) каржы-өнді- рістік зерттеу. Каржы-несиелік сараптамалар ақша қорлары мен несиелерді қалыптастыру, белу және жұмсау негізділігін зерттеу үшін қажет. Мұндай жағдайларда мынандай сұрақтар қойылады: — банктен алынған несие негізді ме; — банктен несие алу үшін қандай жалған мәліметтер берілген; — несие каржылары орынды жүмсалған ба; — несие ресурстары мен акша қорларын кұру және пайдала- ну негізді ме; — несиеге байланысты пайыздар дүрыс есептелінген бе; — несиені дер кезінде өтемеуге байланысты келтірілген за- лалдардың пайыздык соммасы қанша; — кәсіпорын алған несиесіне төлемді дүрыс төледі ме; — каржы-несиелік жоспарлар дүрыс рәсімделген бе, дұрыс рәсімделмесе, ол неден көрініс табады және қалай сипатталған. Сараптаманың екінші түрі мекеменің қаржылык жағдайын анықтау мақсатында жүргізіледі. Қаржы-экономикалық сараптама тағайындауға байланысты төмендегідей сұрактар қойылуы тиіс: — экономикалық көрсеткіштер дүрыс жасалынған ба; — смета (болашакта кететін шығындар мен табысқа түсетін қаржылардың есебі) дұрыс жасалған ба; 469
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==