Криминалистика
- қандай мерзімде және қандай сомада құндылықтар еш- қандай қүжатсыз есептен шығарылған; - дұрыс емес жасалған қүжат бойынша қанша сома берілген және т.б. Үшінші топ мәселелері — бухгалтерлік есептің дұрыс жүргі- зілу жағдайларын және тауарлы-материалдык кұндылықтар мен ақша қаражаттарының жеткіліксіздігін немесе артықшылықтар- дың болуын анықтауды арнайы қиындататын жағдайларды анықтаумен байланысты. Сарапшының шешуіне төмендегідей сұрақтарды қоюға бо- лады: - нақты шаруашылық операция бойынша бастапкы және жиынтық құжаттар дұрыс ресімделген бе; - кұндылықтарды кабылдау және өткізу кезінде есептіліктің кандай талаптары орындалмаған; - бухгалтерлік құжатгарды толтыру кезінде қандай ауытқу- лықтар жіберілген; - аналитикалық есептілік жүргізу кезінде қандай ережелер сақталынбаған; - калькульяция жүргізу кезінде қандай ережелер сақталын- баған; - нақты шаруашылық операция бойынша бухгалтерлік есепті жүргізу әдістемесі сақталынған ба; - заңсыз операцияларды анықтауды қиындату үшін жасал- ған кедергілер бухгалтерлік есеп жүргізу тәртібінен қандай орын алады; - ревизия немесе аудит қорытындылары дұрыс па; - ревизия және аудиттің материалдары жеткілікті ме; - бухгалтерлік есеп жүргізудің және мекеменің қойған кан дай талаптары сақталмаған және т.б. Жоғарыда берілген сүрақтар өмірде кеңінен таралған. Белгілі бір іс жағдайына және ситуациясына байланысты басқа да сұрақ- тар койылуы мүмкін. Сұрақтар накты әрі анықболуы және олар сарапшы-бухгалтердің кұзыретіне қатысты болуы керек. Кейбір кездерде сарапшы-бухгалтердің құзыреті шеңберіне кірмейтін сұрақтар қойылады. Мысалы, мекемеге келтірілген залалдар мен шығындарға материалды жауапты түлға кінәлі ме, сондай-ақ материалды жауапты немесе лауазымды адамдар жағынан ыкпал етушілік орын алды ма? - деген сұрақтар қойыпады. Мұндай жалпы сұрақтарды шешу сарапшы-бухгалтердің күзыретіне 467
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==