Криминалистика
• сұрақтарды күрделендірудің қажеті жоқ. Олар тергеліп отырған істің мән-жайларынан туындауы қажет және оны шешу үшін маңызды мәнге ие болуы керек; • сұрақтар логикалық кезектілікпен баяндалуы тиіс. Қарастырып отырған іс мәселелерінің сипатына байланыс- ты сарапшының алдына қойылатын сұрақтарды төмендегідей үш топка бөліуге болады. Бірінші топка, есептік және тіркеу жазбалары мен бастапқы құжаттағы мәліметтердің сәйкес еместігін анықтау мәселелері жатады. Осыған байланысты сарапшының шешуіне қойылатын сұрақтар: - есептік және тіркеудегі жазбалар бастапқы қүжаттамалар- дағы мәліметтермен сәйкес келе ме, егер сәйкес болмаса жіберілген ауытқулыктар келтірілген шығын сомасының жоға- рылауына (немесе төмендеуіне) калай эсер етті; - синтетикалық есептің деректері бастапқы құжаттар мен аналитикалық есепке сәйкес келе ме, егер сәйкес келмесе есептік көрсеткіштерін бұрмалау кандай сомада жасалған; - өнімді шығаруға байланысты қорытынды көрсеткіштер кұжаттамалық деректерге сәйкес келе ме, сәйкес келмесе кан дай бұрмалаушылыктар жасалған; - шаруашылық есепте жіберілген ауыткулықтар (төмендету немесе жоғарылату) қандай шаруашылық операцияларымен байланысты; - қаңдай шаруашылык операциялар бойынша аналитикалық есептің көрсеткіштері синтетикалық есептің көрсеткіштеріне сәйкес келмейді; - есептік деректердегі сәйкессіздіктер қандай уақыт кезең- дерінде болған және т.б. Екінші топқа, сот-бухгалтерлік сараптама жүргізу аркылы шешілетін келесідей мәселелерді, яғни бухгалтерлік құжаттар бойынша ақша қаражаттары мен тауарлы-материалдық кұнды- лықтарды қабылдау, сақтау, өткізу және есептен шығаруды анықтау мәселелері жатады. Мұнда келесідей сұрақтар қойы- луы мүмкін: - бухгалтерлік есептегі материалдарды есептеп шығару тиісті нысанда ресімделген бе; - есептік тіркеудегі қандай жазбалар бастапқы күжаттармен негізделмеген; - құндылықтарды мақсатсыз ысырап ету немесе қабылдау кандай операциялар бойынша жүзеге асырылған; 466
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==