Криминалистика

Сараптамалық зерттеу объектісі болып табылатын барлық қүжаттарды келесідей топтарға бөлуге болады: • материалды жауапты тұлғалардың барлық бастапқы құжат- тары (ведомстволық накладнойлар, ведомстволык төлсмдер, инвентаризациялық тізім және т.б.) мен (кассалық, аванстық, тауарлык, тауарлы-ақшалай) есептері; • зертелетін операциялардан көрініс табатын ведомостар (қойма есептерінің кітаптары мен карточкалары, журналдар, ордерлер, басты кітап, кестелер, кітапшалар), бухгалтерлік есеп регистрлары. • есептік құжаттар (бухгалтерлік баланс, салықдекларация- лары, статистикалықесеп); Сот-бухгалтерлік сараптаманың объектілерін зерттеу кезінде басқа да қылмыстық іс материалдары қосымша маңызды рөл аткаратынын ескеру қажет. Оларға жататындар: ревизия акті- лері, тергеу жәнс сот әрекеттерінің хаттамалары, әр түрлі білім саласындағы сарапшылардың корытындылары. рссми емес кұжаттамалар. Бұл күжаттар бухгалтерлік есептін Xү йелік ны- сандары болып табылмағанымен де, істің нақты мән-жайларын көрсетеді. Олардың көмегімен зерттеліп отырған операциялар- ды тереңірек анықтауға және сараптама жүргізудің дұрыс әдісін тандап алуға болады. Кез келген сот-сараптамасының түрлсрі мен сот-бухгал- терлік сараптаманы жүргізудің тәртібі сиякты, қылмыстық іс- жүргізу және азаматгық іс-жүргізу зандарының нормаларымен реттеледі. Заң сот-бухгалтерлік сараптаманы міндетті сарапта- малардың катарына жаткызбайды, сондықтан да оны тағайын- дау туралы мәселені істің мән-жайына байланысты тергеуші немесе сот шешеді. Мұндай мән-жайлар мынандай жағдайлар- да туындайды: • материалды жауапты және басқа да тұлғалармен берілген ақтау құжаттары аудитормен есептелмесе; • аудитормен колданылған тексеру әдістері күмән тудыр- ғанда; • айыпталушынын (сотталушының) сот-бухгалтерлік сарап ­ тама тағайындауы туралы негізді өтініші болса немесе аудитор- дың қорытындысына қарсыдәлелді қарсылыктары болса; • басқа саладағы сарапшының қорытындылары нәтижесінде бухгалтерлік сараптама тағайындау қажетгілігі туындаса. Тергеушінің немесе сотггың бастапқы сот-бухгалтерлік са- раптамадан басқа да, косымша немесе қайталама сараптама та- ғайындау қүкығы бар. 464

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==