Криминалистика
Қолжазбатану сараптамасы міндетті сараптама түрлерінің қатарына жатады. Себебі бірде-бір іс жағдайлары бүл сарапта- масыз шешілуі мүмкін емес. Егер сараптама жүргізілмесе істі қайта тергеуге кайтаруға негізі болып табылады. Сот колжазба- тану сараптамасы аркылы лауазымды тұлғалардың; материал- ды жауапты адамдардың; мекеме басшылары мен бухгалтер- лердің және т.б. колтаңбаларының ауыстырылғандығы (олардікі емес екендігі) аныкталады. Кейбір кездерде баска да колмен жазылған жазбаларды; қо- йылған қолтаңбаларды зерттеу қажетгілігі сияқты жағдайлар кездеседі. Мысалы, орындаушы ауырып тұрған кезінде; мае күйінде немесе басқа да қолайсыз жағдайларда жазған өзінің қолжазбасын іздестіру мақсатында сараптама көмегіне жүгінуі мүмкін. Сараптама жүргізудің нәтижелілігі көбінде қолжазба- тану сараптамасына жібсрілетін материалдардың дүрыс әрі толык рәсімделуінс байланысты. Салыстырмалы материалдар- дың жеткіліксіз болуы сараптама жүргізбестен кері қайтаруға әкеп соқтырады. Құжаттарды техникалык, зертгеудің ерекшелігі қолжазба- тану сараптамасына Караганда сирек жүргізілетіндігінде. Ол төмендегідей сұрактарды анықтау мақсатында тағайындалады: ұсынылып отырған құжатта, оның мәтінінде мерзім белгілеуінде және қолтаңбасыңда қандай да бір өзгерістер бар ма; қүжат- тағы барлык фрагментер (реквизиттер) бір уақытга орындалған ба; кұжаттағы мөртаңбалар осы мекеменің мөртаңбасымен орындалған ба; құжаттың даналары бір принтермен басылып шығарылған ба және т.б. Сот-бухгалтерлік сараптама. Сот-бухгалтерлік сараптама өте кең тараған. Экономикалық қылмыстарды тергеу кезінде, әсіресе бөтеннін мүлкін үрлау, лауазымды түлғалардың күзы- реттілігін пайдалану кылмыстарын тергеу барысында бұл сарап тама басты орын алады. Сот-бухгалтерлік сараптаманы тек бухгалтерлік есеп жүргізу құзыретіне қатысты барлык мәселе- лерді жақсы білетін мамандар жүзеге асырады. Сот-бухгалтерлік сараптаманың пәні - бухгалтерлік есеп- тен көрініс табатын және тергеу мен сот қарауының объектісі болып табылатын шаруашылық-кызмет операцияларынын эко- номикалық мәні жөніндегі мәліметгер болып табылады. Осындай мәліметтерді материалдык тасымалдаушы ретінде бухгалтерлік кұжаттар қызмет етеді, бүлар зерттеудің тікелей объектісі ретінде де көрініс табады. 463
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==