Криминалистика

Аса қажетті көрсетпелер баска да куәлардан, нақты айтқан- да басқа мекеме, ұйым өкілдерінен немесе шарт жасасушы серіктестіктерден де алынуы мүмкін. Бұл куәлар өзара шартқа отыру, сатып алу, сату туралы, та- сымалдау, есеп айырысу және сол сияқты мәліметтер жөнінде басқа да ақпараттар береді. Коммерциямен шұғылданушы бас- шылар (директор, президент т.б.), экспедиторлар және баска да тұлғалар іске куә ретінде қатыса алады. Көрсетілген категориядағы кез келген куәдан жауап алу ба- рысында оларға кұжаттарын көрсетуін талап ету сияқты такти- калық тәсілдерді де қолдануға болады. Ұзақ мерзім өтіп кетуіне байланысты куәлардың көпшілігі қаржылык-шаруашылык операция ісі бойынша мәліметтерді толыктай естерінде сактап қалмайды және де жауап алу кезінде тергеушінің қарастырып отырған мәселелерін түпкілікті түсін- бейді. Олар тек жүргізілген операция жағдайын ғана айтып берулері мүмкін. Кейбір жағдайларда керісінше тергеушінің өзінің «ұмытшақтык» қасиеті жауап алудың нәтижелі жүргізіл- меуіне себеп болады. Құжатгарды көрсетіп, таныстыру арқылы куәлардың еске түсіру мүмкіншіліктерін арттыруға болады. Сонымен катар, олардан жүргізілген шаруашылық операциялар мен оған қатыс- ты басқа да окиғалар жайында ақпаратгар алынуы мүмкін. Жауап алу барысында мұндай тәсілдерді сезікті (айыпкер) тұлғаларға да (мекеме басшылары мен орынбасарларына, бас бухгалтерлерге) қолданылған тиімді. Бүл тұлғалардан жауап алу әрекеттері ревизия қорытынды- лары, аудиторлық тексерістер жүргізілгеннен және куәлардан жауап алынғаннан кейін ғана жүргізілуі тиіс. Сезіктілер (айыпкерлер) — жоғары деңгейде білімі бар (эко ­ номика, заң, техника салалары бойынша), әлеуметтік мәртебесі биік және оларға көрсетілген дәлелдемені дұрыс дәлелдеп ба- ғалауға кабілетті тұлғалар болып табылады. Аталған түлғалардан жауап алу үшін міндетті түрде келесідей дайындық жұмыстары жүргізілуі тиіс: іс материалдарымен та- нысып кана коймай, ондағы зандылыктарды да карастыру ке- рек; дәлелдемелер алу мақсатында қажетті фактілерді аныктау қажет; қойылатын сұрактар шеңбері мен кезектілігі аныкталуы тиіс; жауап алу кезіндедәлелдемені көрсетудіңтактикасын ой- ластыру керек. 460

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==