Криминалистика
Криминалистиканы құқыктық пән деп жариялай келе, Гросс оны нақ осы ғылым негізінде табиғи-техникалық ғылымды дә- лелдеу процесінде көптеген колдаулар табады деп пайымдады. Жылдар өте, ғылымның міндеттері кеңейе түсіп, қылмысты дер кезінде тергеу мен ашуға бағытталған, тергеудің тактика- лык және әдістемелік мәселелерін құрастыратын жаңа тарау- лар пайда болды. Криминалистикалык ғылымның басқа сала- лары (қылмыстық құкық, криминология, қылмыстык іс жүргізу қүқығы) сиякты криминалистиканың жалпы міндеті кылмыс- пен күресу болып табылады. Сондыктан да Криминалистика пәні баска да қылмыстық құкыктық пәндер сияқты негізгі пән болып, барлық заң сала- сындағы оқу орындарында оқытылады. Қазақстанда криминалистиканы оқыту 1935 жылы Алматы мемлекетгік заң институтының ашылуымен тығыз байланыс- ты. Ол кездері криминалистика пәні қылмыстық күкық кафед- расыныңоқу пәніне кірген. Кафедраны М.Т. Шаламов басқар- ды, кейін ол Бүкілодақтық сырттай заң институтында (қазіргі Ресейде) профессор болып қызмет етті. 1947 жылы осы кафедрадан «Қылмыстык іс жүргізу мен кри миналистика» кафедрасы бөлініп шықты, оны республика мен кеңестер одағында белгілі криминалист ғалым, заң ғылымда- рының кандидаты, доцент В. А. Хван басқарды, ол Қазақстан- дағы сараптама криминалистикалык мекемелсрінін қүрылуы мен жұмыс істеуіне үлкен ыкпал етті. Осы кафедрада кримина листика пәнімен қатар қылмыстык іс жүргізу, сот-медицина- сы, сот ісін жүргізу, сот психиатриясы, бухгалтерлік есеп пен сараптама пәндері оқытылды. 1939 жылы оқу базасы ретіндс сабак жүргізуге колдану үшін кафедра жанынан криминалистикалык лаборатория ашылды. Криминалистикалык лабораторияда сабақ жүргізумен катар, тергеу және сот органдарының нұсқауы бойынша әр түрлі кри миналистикалык сараптамалар жүргізілді. Осындай сараптама- лык зерттеулерді күкык корғау органдары үіпін Қазақстан, Кыр гызстан мен Ресей, Алтай өңірлерінде алғаш рет жүргізген ин- ституттың окытушылары — заң ғылымдарының кандидаттары В.А. Хван мен Д.Я. Мирский (кейін Ресей федерациясының Москва жоғары мектебінде профессор болып, Бүкілодақтык ҒЗИ сот сараптамасында кызметатқарды) жұмыс істеді. Сараптама мекемесінің функциясын криминалистикалык лаборатория республика Әділет министрлігі жанындағы жеке 45
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==