Криминалистика

береді. Мысалы, окиға болған жерді қарау кезінде диагности- калау келесідей: не жағдай болды; кылмыс қалай жасалды; қыл- мыскер кім; ол не істеді; іздер қайда болуы Мүмкін деген сұрақ- тарды шешуден басталады. Егер іздер табылған жағдайларда, мысалы: аяккиімнің ізі бойынша қылмыскердің жынысын, жа- сын, жағдайын, бойы мен баска да іздердің сыртқы белгілерін диагностикалауға (ажыратуға) болады. Тергеуші жауап алу барысында жауап алынушы тұлғаның жағдайын диагностикалауға тырысуы кажет. Тергеуші дұрыс диагностика жасау арқылы іс бойынша алынған мәліметтердің, ақпараттардың дұрыстығына, дәлдігіне, аныктылығына немесе оның жалғандығына, болмаса оның жартылай, ішінара жалған- дығына көз жеткізеді. Тергеушінің диагностикасы өзіндік мәні бойынша сарапта- малық диагностикадан ерекшеленеді. Тергеушінің диагности ­ касы - бакылау, модельдеу, эксперимент, салыстыру, өлшеу, сипаттау дегендей жалпы ғылыми әдістемелерге негізделеді, со- нымен катар криминалистика, психология әдістерін пайдала- нады. Ал сараптамалықдиагностикада диагностикалық зерттеу әдістемелері негізіндеөнделіп жетілдірілген кұрал-жабдықтық (инструменталдық) әдістер колданылады. Мысалы, жәбірлену- шінің киіміндегі катпарлану фактісі мен оның табиғатын анық- тау үшін сарапшы жарықтандыруды әр түрлі жағдайларда жіберу, сондай-ақ химиялық, спектрлік және т.б. талдаулар жасау арқылы визуалды-микроскоптық әдісті (МБС-2) қолда- нады. Әдістерді колдану негізінде сарапшы қорытындыны клас- сификациялық сипатта береді. Тергеушінің қызметіндегі субъективтік диагностика барын- ша кең тараған әдіс болып табылады. ІП т а р а у ҚАЗАҚСГАНДА КРИМИНАЛИСТИКА ҒЫЛЫМЫНЫҢ ДАМУЫ Атақты австриялық заңгер Ганс Гросс 1893 жылы «сот тер- геушілеріне арналған нұсқау криминалистиканың жүйесі ретінде» атты еңбегін жарыкка шығарды, онда: кылмысты тер- геудің техникасы туралы жаңа бөлек ғылымының пайда болға- ны және оны «криминалистика» деп атағанын жария етті. 44

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==