Криминалистика
Ешкандай күралсыз, жай көзбен біз оптикалык спектордың тек 400 нм - 750 нм толкын үзындығының аралығындағы сәу- лелерін қабылдап көреміз. Бірак кейбір заттардың қасиеттері, ондағы керекті белгілер жоғарыда айтылған сәулелерде анық көрініп ажыратылады. Сондықтан криминалистика осы сәуле- лердің касиетін пайдалана отырып, заттай дәлелдемелерді зерт- теуге керекті арнайы әдістер, фототехникалық тәсілдер мен аппараттар пайдаланылады. Инфрақызыл сәулесінде заттай дәлелдемелерді зерттеп қарау үшін электронды оптикалык өлшеуші аппарат жасалған. Осы аппарат арқылы, инфракызыл сәуленің қасиеттерін пайдалана отырып, күжаттарда химиялык реактивтермен өшірілген жазбаларды, үстіне сия құйып, не бас ка бір тәсілдермен көрсетпей тастаған жазуларды оқуға бола- ды. Инфракызыл сәулелер аркылы қара материалда калған көзге көрінбейтін оқтан қалған күйені, кейбір жанғыш майлардың материалдарда калған дактарын ажыратуға болады. Ультракүлгін сәулелер (400-ден - 200-гедейінгі нм) крими- налистикада көзге көрінбейтін көріністерді салқын сәулемен эсер етіп козғау (люминесценциялау) арқылы көріп аныктау үшін пайдаланылады. Люминесценттік талдау арқылы әр түрлі күрамнан тұратын заттарды дифференциациялауға (бөліп жазуға), кезге көрін- бейтін жазбаларды окуға, кейбір заттардағы өте үсак дактарды көруге болады. Криминалистикалык лабораторияларда осын- дай заттай дәлелдемелерді ультракүлгін сәуледе зерттеу үшін әр түрлі кварцтық шамдар (УО-1, ОИ-8, Люм-1) пайдаланыла ды. Ультракүлгін сәулелері арқылы арнаулы құралдарды (элек тронды оптикалык өзгерткішті) пайдалана отырып, зерттеу нәтижесін көзбен көріп, оны бекіту үшін фотосуретке түсіріп алуға болады. Электромагнит спектрінде сәулелерінен темен рентген сәулелері орналаскан. Рентген сәулелерініңөтімділік касиетін пайдаланып, көзге көрінбейтін, мөлдір емес объектілердің ішкі күрылысын зерттеп оны фотопластинкаға, немесе пленкаға түсіріп алуға болады. Рентген аппараттарын криминалистикада мылтыкты, ок дәріні тағы басқа жеңіл металдан, ағаштан жа- салған объектілерді зерттеуге пайдаланылады. Оқиға болған жерді Караганда, тінту жүргізгенде кішігірім рентген аппарат- тары көрінбей жаткан, немесе қүпия кор сактағыш орынға ты- ғып қойылған заттарды тауып алуға кең түрде колданылады. 19
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==