Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

465 Магниттік-резонанстық томография (МРТ) – медицинада қолданылатын ЯМР спектроскопия əдісі. Дене мүшелерінің əртүрлі ұлпаларының арасындағы сигналдардың, сондай-ақ сау ұлпа мен зақымданған ұлпа сигналдарының əртүрлі сигналдарының арасындағы айырмашылықтарын көрсетеді. Мағыналы тізбек – транскрипция кезінде оқылмайтын ДНҚ тізбегі; онда да мРНҚ тізбектерімен синтезделген негіздердің реті болады (айырмашылығы U, T). Май – бөлме температурасында қатты күйде болатын глицериннің үш эфирі. Май қышқылы – ұзын тізбекті карбон қышқылы. Малон қышқылы синтезі – бастапқы зат ретінде диэтилмалонатты қолданып карбон қышқылын синтездеу. Массалық сан – атомдағы протондар мен нейтрондар санының қосындысы. Мезо қосылыс – хиральді орталықтары мен симметрия жазықтығы бар қосылыс. Мембрана – ішіндегісін оқшаулау үшін жасушаны қоршайтын зат. Меншікті айналу – көлемі 1,0 дм пробиркада концентрациясы 1,0 г/мл қосылыстың айналу мөлшері. Мета орынбасар – жаңа келген орынбасарды мета орынға бағыттайтын орныбасар. Метаболизм – тірі организмдерде энергия алу үшін жүргізілетін жəне қосылыстардың синтезделуіне қажетті энергия бөлінетін реакция. Металлорганикалық қосылыстар – құрамында көміртегі- метал байланысы бар қосылыстар. Метилен тобы – CH2 тобы. Метинді сутегі – үшіншілік сутегі атомы. Мицелла – полюсті жағы шардың сыртық жағына қарай орналасатын гидрофобты жағы мен полюсті жағы бар молекуланың шар түріндегі агрегаттық күйі. Молекула ішілік реакция – молекуланың өзінде жүретін реакция. Молекулааралық – реакция екі молекула арасындағы реакция. Молекулалық масса – молекула құрамындағы атомдардың орташа өлшенген массасы. Молекулалық модификация – негізгі компоненттің құрылымының өзгеруі. Молекулалық тану – арнайы əрекеттесу нəтижесінде бір молекуланың екінші молекуланы тануы. Мысалы, ферменттің субстратты тануы. Мономер – полимердегі қайталанатын буындар. Мономолекулярлық реакция (бірінші ретті реакция) – жылдамдығы бір реагенттің концентрациясына тəуелді болатын реакция. Моносахарид – (қарапайым көмірсу) қанттың бір молекуласы. Монотерпен – құрамында 10 көміртегі атомы болатын терпен. Мультиплет – ЯМР спектіндегі сингалдардың жетіден көп шыңдарға бөлінуі. Мультиплеттілік – ЯМР сигналдарындағы шыңдар саны. Мутаротация – тепе-теңдік орнауы үшін оптикалық айналудың баяу өзгеруі. Негіз1 – ДНҚ жəне РНҚ-дағы гетероциклді қосылыс (пуриндік немесе пиримидиндік). Негіз2 – протонды қабылдайтын қосылыс. Негізгі қосылыстар – басқа биологиялық белсенді қосылыстарды іздестіруде қолданылатын қосылыстар.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==