464 Қайта этерификациялау реакциясы – күрделі эфирдің спиртпен əрекеттесіп басқа күрделі эфир түзу реакциясы. Қаныққан көмірсутегі – сутегімен толық қаныққан көмірсутек (яғни, құрамында қос жəне үш байланыстары жоқ). Қанықпаған көмірсутектері – құрамында бір немесе бірнеше қос немесе үш байланыстары бар көмірсутектері. Қаңқа құрылымы – С-С байланысын сызық бойымен көрсетеді жəне С-Н байланыстарын көрсетпейді. Қараңғы экран (кездейсоқ экран) – химиялық құрылысы жайлы ақпарат белгісіз болғанда фармакалогиялық белсенді қосылысты іздестіру. Қарапайым көмірсу (моносахарид) – қанттың бір молекуласы. Қолайлы реакция – тепе-теңдік күйде өнім концентрациясы реагенттер концентрациясынан көп болатын реакция. Қос байланыс – екі атом арасындағы σ жəне π байланыстар. Қосарлана қосылу – 1,4-қосылу. Қосарланған диен – көміртегінде екі қос байланысы бар диендер. Қосарланған қос байланыс – өзара жай байланыс арқылы бөлінген қос байланыстар. Қосарланған қышқыл – протонды қосып алып түзілетін қосарланған қышқыл. Қосарланған негіз – протонын беріп онымен түзілетін қосарланған негіз. Қосылу реакциясы – атомдар немесе топтардың реагентке қосылу реакциясы. Құрылымдық изомерлер – молекулалық формулалары бірдей, бірақ атомдардың байланысу реті арқылы өзгешелентін изомерлер. Қышқыл ангидриді – Қышқыл – протонын беретін қосылыс. Қышқылдық катализатор – өзінің протонын беру арқылы реакция жылдамдығын арттырады. Қышқылды-негіздік реакция – қышқыл негізге протонын беретін немесе негіз электрондарды қабылдайтын реакция. Қышқылдың диссоциация константасы – ерітіндідегі қышқылдың диссоциациялану өлшем бірлігі. Қышқыл-катализаторлы – реакция қышқыл қатысында жүретін реакция. Лимиттеуші саты – энергиясы көп аралық күйде болатын реакция сатысы. Лимон қышқылы циклі (Кребс циклі) – ацетил-Ко ацетил тобы екі СО2 молекуласына өзгеретін реакциялар қатары. Липид – тірі жүйелерде кездесетін суда ерімейтін қосылыс. Липидтік қос қабат – фосфоацилглицеролдың полюсті жағы сыртқы жағында жəне олардың полюссіз май қышқылдары тізбегінінің сыртқы жағында орналасуы. Локализацияланған электрондар – белгілі бір жерде жинақталған электрондар. Льюис құрылымы – атомдары арасындағы байланысты сызықтар немесе нүкте жəне валенттік электрондарды нүкте түрінде көрсететін модель. Льюис қышқылдары – электрондар жұбын қосып алатын қосылыстар. Льюис негіздері – электрондар жұбын беретін қосылыстар.
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==