462 Каратиноидтар (тетратерпендер) – жеміс, көкөніс жəне түскен жапырақтарға қызыл жəне қызыл сары түс беретін қосылыстар. Карбанион – теріс зарядталған көміртегі бар қосылыс. Карбокатион – оң зарядталған көміртегі бар қосылыс. Карбоксил тобы – СООН Карбоксилді оттегі – карбон қышқылы немесе эфирдің құрамындағы жай байланыстағы оттегі. Карбон қышқылдарының туындылары – гидролиз кезінде карбон қышқылын түзетін қосылыстар. Карбон қышқылы – Карбонилді қосылыс – карбонил тобы бар қосылыс. Карбонилді оттегі – карбонилді топтың оттегі атомы. Карбонилді топ – оттегімен қос байланыс арқылы қосылған көміртегі. Катаболизм – тірі организмдердегі күрделі молекулалардың жай молекулалар мен энергияға ыдырауы. Катаболиттік реакция тірі организмдердегі күрделі молекулалардың жай молекулалар мен энергияға ыдырау реакциясы. Катализатор – реакцияға қатыспай оның жылдамдығын артыратын заттар. Себебі бұл реакция тепе-теңдік константасын өзгертпейді, түзілген өнім мөлшері де өзгермейді. Каталитикалық гидрлеу – сутегінің металл катализаторы қатысында қос немесе үш байланысқа қосылуы. Катион алмастырғыш шайырлар – ион алмастырғыш хроматографияда қолданылатын теріс зарядталған шайырлар. Квартет – ЯМР спектріндегі сигналдың төрт шыңға бөлінуі. Кекуленің құрылымы – атомдар арасындағы байланыстарды сызықпен көрсету моделі. Кеңістіктік кедергі – реакциядағы көлемді топтардың реагентпен жақындасуын қиындататын жері. Кеңістіктік тебісу – (Ван-дер-Ваальса күші, Ван-дер-Ваальс тебісуі) электрон бұлты немесе атомдар топтарының жəне басқа атомдар мен атомдар топтарының арасындағы тебісу. Кеңістіктік эффектілер – топтардың кеңістікте белгілі бір көлемде болатындығына байланысты əсер ету түрі. Кеталь – Кето-енолды таутомерия (кето-енолды өзара ауысу) – кето жəне енолды таутомерлер. Кето-енолды таутомерлер – кетон мен оның α,β-қанықпаған спирті. Кетоздар – полигидрокси кетон.
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==