461 Жартылай кеталь – Жартылай консервативті репликация – ДНҚ бір тізбегімен жаңадан синтезделген тізбекпен пайда болатын ДНҚ молекуласының репликация жағдайы. Жетімдерге дəрілер – 200 000 адамға əсер ететін ауыруларды емдеуге арналған дəрілер. Жоғарғы жиілік – ЯМР спектріндегі біршама төменгі жиілік. Жұмыс жиілігі – ЯМР спектрі жұмыс жасайтын жиілік. Жұтылу жолағы – энергияның жұтылуы нəтижесінде спектр шыңында пайда болады. Жүйелік номенклатура – құрылымға негізделген номенклатура. жылдам теңесу – байланыстырушы электрондардың орналасуы бойынша өзгешеленетін изомерлер. Жылдамдық заңдылығы – реакция жылдамдығы мен реагенттер концентрациялары арасындағы өзара байланыс. Жылдамдық константасы – реакцияның аралық күйіне қаншалықты жылдам жетуге болатындығын (энергетикалық кедергіден өту) бағалау шамасы. Изомерлер молекулалық формуласы бірдей, бірақ құрылысы əртүрлі қосылыстар. Изотоптар – протондар саны бірдей, бірақ нейтрондар саны əртүрлі атомдар. изоэлектрлік нүкте (ИН) – амин қышқылдарының жалпы зарядтарының қосындысы болмайтын рН. Имин – R2C=NR Индукцияланған диполь-индуциялық диполь – бір молекуланың уақытша диполімен екінші молекула диполі арасындағы индукциялық өзара əрекеттесу. Индукциялық модель – ферменттің субстратқа арнайы таңдауын сипаттайды: белсенді орын формасы фермент субстратпен байланыспағанша субстратқа комплементарлы болмайды. Инициирленген саты – тізбек өсуінің бірінші сатысының басталуы үшін реакцияға қажетті радикалдың пайда болу сатысы. Инфрақызыл сəулелену – электромагниттік сəулелену бізге жылу түрінде белгілі. Инфрақызыл спектр (ИК) – инфрақызыл сəулеленудің таралуын толқын санымен (немесе толқын ұзындығы) салыстыру. Инфрақызыл спектроскопия – қосылыс құрамындағы функционалдық топтарды анықтау үшін инфрақызыл энергияны қолданады. Ион алмастырғыш хроматография – қосылыстарды заряды мен полюстілігіне байланысты ерімейтін полимермен толтырылған колонкада бөлі əдісі. Ион-дипольдік əрекеттесу – молекуланың ионы мен диполі арасындағы өзара əрекеттесу. Иондық байланыс – зарядтары қарама-қарсы екі ионның тартылуы нəтижесінде түзілетін байланыс. ИЮПАК номенклатурасы – химиялық қосылыстардың жүйелік номенклатурасы.
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==