Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

456 Анаболиттік реакция – тірі организмдерде қарапайым молекулалардан күрделі молекулалардың синтезделу реакциясы. Ангстрем – ұзындық өлшемі; 100 пм = 1028 см = 1 ангстрем. Аномерлер – ашық формадағы карбонилді көміртегі болған көміртегі конфигурациясы бойынша өзгешеленетін екі сақиналы қант. Аномерлік көміртегі – ашық формадағы карбонилді көміртегінің сақиналы формадағы көміртегіне өзгеруі. Антибиотиктер – микроорганизмдердің өсуіне кедергі жасайтын қосылыстар. Антигендер – иммундық жүйеге жауап беретін қосылыстар. Антикодон – тРНҚ ортаңғы тізбегінің төменгі жағындағы үш негіз. Антидене – организмдегі бөгде бөлшектерді танып білетін қосылыстар. Апротондық еріткіш – оттегі немесе азот атомымен сутектік байланыс түзбейтін еріткіш. Арақашықтық константасы (герц) – ЯМР сигналдарындағы көрші шыңдары арасындағықашықтық. Аралас глицеридтер – құрамындағы май қышқылдарынң компоненттері əр түрлі триглицеридтер. Аралық қосылыс – реакция барысында түзілетін қосылыс, бірақ соңғы өнім емес. Арендер оксиді – қос байланыстарының бірі эпоксидке өзгеретін ароматты қосылыстар. Арилдік топ – бензол немесе орынбасқан бензол тобы. Ароматты жəне циклді қосылыстар – сақинада үздіксіз р атомдық орбитальдарында тақ санды электрон жұптары бар қосылыстар. Асимметриялық көміртегі – атомы əр түрлі төрт атомдар немесе топтармен байланысқан көміртегі. Асқын қышқылдар – ОН тобының орнында ООН тобы болатын карбон қышқылдары. Атомдық орбитальдар – атоммен байланысқан орбиталь Атомдық салмақ – табиғаттағы элемент атомының орташа массасы. Ауыспалы күй – реакцияның координата сызбасындағы ең жоғарғы нүкте. Ауыспалы күйде реагенттегі байланыстар жартылай үзіліп, өнімдегі жаңа байланыстар жартылай түзіледі. Ауыстырылмайтын амин қышқылдары – организмде синтезделмейтін немесе жеткілікті мөлшерде синтезделмейтін адамдар тағаммен бірге қабылдайтын амин қышқылдары. Ахиральді (оптикалық белсенді емес) – ахиралдық молекула өзінің айнадағы көрінісімен бірдей (яғни беттеседі). Ацеталь – Ацетилид иондық – RC≡C¯ Ацетосірке қышқылы эфирінің синтезі – этилацетацетатты бастапқы қосылыс ретінде қолданып метил кетонды синтездейді.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==