419 Соңғы жылдары көптеген бактериялардың барлық антибиотиктерге тұрақтылығы артуда, сондықтан дəрілердің тұрақтылығы медициналық химиядағы маңызды мəселеге айналып отыр. ЖАТТЫҒУЛАР 1. Келесі дəрілік заттардың химиялық атаулары қандай? а. бензокаин (21.3-бөлім ) ə. идоксуридин (21.9-бөлім) 2. Новакаин мен лидокаин алынатын бастапқы қосылыстар негізінде анестетик ретінде қолданылатын басқа қосылыстардың құрылысын көрсетіңіздер. 3. Келесі қосылыстардың қайсысы транквилизатор ретінде белсенділік көрсетеді? 4. Қандай қосылыс жалпы наркоз ретінде қолданылады? CH3CH2CH2OH жəне CH3OCH2CH3 5. Препараттың терапевтік индексі шекті дозасының терапевтік дозаға қатынасы. Сонда терапевтік индекс жоғары болған сайын препараттың мықтылық қоры да жоғары болады. Тетрагидроканнабиолдың тышқандардағы шекті дозасы 2,0г/кг жəне терапевтік дозасы 20мг/кг. Натрий пентатолының тышқандардағы шекті дозасы – 100мг/кг, жəне терапевтік дозасы – 30мг/кг. Дəрілердің қайсысының зияны жоқ? 6. 21.9-бөлімде берілген вирусқа қарсы препараттардың қайсысының табиғи нуклеозидтерден өзгешелігі бар, ол нені еске түсіреді? 7. Бензодиазепин-4-оксидтің хиназолин 3-оксид пен метиламиннен түзілу реакциясы бойынша механизмін көрсетіңіздер.
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==