Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

414 Дəрілерді бақылау федерациясының 2000 жылы зивоксты мақұлдауын медицина қоғамы үлкен қуанышпен қарсы алды. Зивокс-оксазолидинонды жаңа антибиотиктердің алғашқысы. Клиникалық зерттеулерде зивокс басқа барлық антибиотиктерге тұрақты бактерияны жұқтырған науқастардың 75%-ын емдеуде тиімді болған. Антибиотиктердің екінші жаңа түрлеріне 2005 жылы дəрілерді бақылау федерациясы құрамында он бір амин қышқылы (9 L жəне 2D) жəне α-амин топтарына қосылған он көміртекті ацил тобы бар липопептидті антибиотиктердің бірі Цибуцинге қол жеткізілді. Зивокс – басқа антибиотиктердің əсерінен бөлек белгілі бір жердегі бактерияның өсуін тежейтін синтетикалық қосылыс. Зивокс ақуыз синтезі жүретін жерде тасымалдаушы тРНҚ мен рибосома жəне бірінші амин қышқылы мен мРНҚ арасында кешен түзілуін болдырмау арқылы ақуыз синтезін тежейді (20.7 жəне 20.8-бөлімдер). Осындай дəрілік заттың жаңа жағдаймен қарсыласуы сирек жəне баяу ырғақпен жүреді. 21.8 МОЛЕКУЛАЛЫҚ МОДЕЛЬДЕУ Молекула пішіні оның рецептор болуын анықтайтындықтан, құрылысы ұқсас қосылыстар сияқты биологиялық белсенділік көрсететіндігін де анықтайды. Себебі компьютерлер көмегімен видео дисплейде қосылыстың молекулалық моделін жасауға жəне оны əртүрлі конформацияда орналастыруға болады. Компьютерде

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==