Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

412 Суматриптанның жетістіктері молекулалық модифигуациясы бойынша басқа бас сақинасына қарсы заттарды іздестіруге себепші болды. Осыған байланысты 1997 жəне 1998 жылдары жаңа үш триптандар енгізілді. Бұл екінші ұрпақ триптандары суматриптанмен салыстырғанда, əсіресе, ыдырауы, жүрекке қосымша əсерлерінің төмен жəне ОЖЖ өтуінің жоғары болуымен ерекшеленеді. Модификацияланған қосылыстарды тексергенде олардың бастапқы қосылыстардан басқа фармакологиялық белсенділіктері іздестіріледі. Мысалы, антибиотик сульфонамидтің молекулалық модификациясынан гипогликемиялық белсенділігі бар препарат толбутамид түзіледі (21.4-бөлім). Антигистаминдік прометазиннің молекулалық модификациясынан (411-бет), дене температурасын түсіретін препарат аминазин алынады. Бұл препарат бұрындары науқастарды салқындату үшін суыққа, ылғал жапырақтармен ораған клиникалық кеуде хирургиясында кеңінен қолданылады. Себебі суыққа, ылғалды жапыраққа орау психотиялық науқастарды тыныштандыру үшін қолданылатын ескі əдістер болатын. Француз психиатры өзінің психатриялық ауруханасындағы кейбір

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==