410 Ғалымдар нақты дəрілік зат рецептормен əрекеттескенде дəрілік əсердің молекулалық негізде болатындығын білгенде олар қажетті биологиялық белсенділіктері бар қосылыстарды жоспарлай жəне синтездей алады. Мысалы, организмде гистаминнің артық мөлшері бөлінсе ол аллергиялық реакциямен суық тиюге байланысты ауру белгілерді тудырады. Бұл гистаминнің молекулалық құрылымындағы этиламин тобының гистамин рецепторының теріс зарядталған бөлігімен протондануы нəтижесінде пайда болады. Гистаминнің табиғи əсеріне ықпал ететін дəрілік заттар антигистаминдік дəрілік заттар деп аталады. Олар гистамин рецепторымен байланысады, бірақ гистамин сияқты реакцияларға түспейді. Гистамин сияқты бұл дəрілік заттарда рецептормен байланысатын протонданған амин топтары бар. Дəрілік заттарда гистамин молекуласын рецепторға жақындататын көлемді топтар болады. Организмде гистаминнің артық мөлшерде бөлінуі асқазанның сілемейлі қабатындағы жасушаларда асқазан қышқылдарының жоғарылауына əкеледі де, нəтижесінде асқазан жарасы пайда болады. Антигистаминдік дəрілік заттар гистаминнің артық мөлшеріне байланысты аллергиялық реакцияларды болдырмай гистаминдік рецепторларды тежейді. Бірақ НСІ бөлінуіне ешқандай əсер етпейді. Бұл факт ғалымдарды гистамин рецепторының екінші түрі Н2-рецепторы қышқылдың асқазанға келуіне мүмкіндік береді деген қорытындыға əкелді.
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==