409 Рецепторлардың басым көпшілігі хиральды болғандықтан, дəрілік заттардың əртүрлі энантиомерлерінің əсері де əртүрлі болады (6.12-бөлім). Дəрілердің рецепторлары көбінесе, липопротеидтер немесе гликопротеидтерге жатады (15.16-бөлім). Кейбір рецепторлар жасуша мембраналарының бір бөлігі, ал екіншілері клетка ядросынан тыс цитоплазмада болады. Нуклеин қышқылдары, əсіресе, ДНҚ-да кейбір дəрі түрлерінде рецептор рөлін атқарады. Себебі, барлық жасушаларда рецепторлар болмайды, дəрілік заттардың маңызды сипаттамалары болады. Мысалы, адреналин жүрек бұлшық еттеріне интенсивті əсер етеді, бірақ организмнің басқа бөліктеріне əсер етпейді. Дəрілік зат өзінің рецепторымен біздер бұрын қарастырған сутектік байланыспен электростатикалық күшпен жəне Ван дер Ваальстік əрекеттесуі сияқты байланыстыру түрімен өзінің рецепторымен əрекеттеседі (17.41-бөлім). Дəрілік зат пен рецептордың өзара əрекеттесуіндегі маңызды фактор олардың нығыз орналасуында. Мысалы, ДНҚ рецепторы болатын екі дəрілік зат – хлорохин (безгекке қарсы) жəне 3,6-диаминакридиннің (бактерияға қарсы) байланысу үшін тартылу күші көп болса, биологиялық белсенділігі де жоғары болады. Осындай жазық сақиналы қосылыстар ДНҚ-ның қос спиралі бойымен негіздер жұбы арасында ойын карталарындағы колодаға карта қойылмайтындай жылжи алады жəне ДНҚ-ның қалыпты репликациясына кедергі жасайды. Ө М І Р Б А Я Н Лев Х. Стернбах (1908-2005) Австрияда дүниеге келген. 1918 жылы бірінші дүние жүзілік соғыс пен Австия-Венгерлік империяның құлауынан кейін Стернбахтың əкесі Польшадағы Краков қаласына көшіп келіп, дəріхана ашуға концессия алады. Фармацевтің баласы ретінде Стернбах Ягеллонск университетіндегі фармация мектебіне қабылданып, фармация бойынша магистр жəне химия бойынша доктор дəрежесін алады. Шығыс Еуропадағы еврей ғалымдарына қатысты дискриминацияға байланысты Стернбах 1937 жылы Швейцарияға көшіп Ружикпен бірге ШТИ (Швейцария технологиялық институтуы) жұмыс жасайды (348-бет). 1941 жылы Хоффман-Ларош Стернбахпен өзімен бірге Еуропаның бірнеше ғалымдарын алып келеді. Стернбах Натли, Нью-Джерсидегі америкалық ЛаРоше штаб-пəтерінде химик-зерттеуші болып қызмет жасайды. Кейін медициналық химия институтының директоры болады.
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==