Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

405 бояулардың бактериялық ақуыздармен таңдамалы түрде байланысуы мен үрдіс барысында бактерияға зақым келтіру мүмкіндігі жайлы ой тудырады. Қазіргі уақытта 10 000 астам бояулар пробиркада бактерияға қарсы тестілеуден өткен. Бірақ олардың ешқайсысы антибиотикалық əсер көрсетпеген. Сол кезде, кейбір ғалымдар дəрігерлерге пробиркадағы емес адамдар мен жануарлар организміндегі инфекцияларды емдейтін бактерияға қарсы дəрілер қажет екендігін айтып, бояуларды табиғи жағдайда скринглеуді ұсынған. Табиғи жағдайдағы зерттеулер сондықтан бактериямен зақымданған тышқандарға жүргізілген. Енді зерттеушілердің сəті түсіп айтарлықтай нəтижелерге қол жеткізген. Бірнеше бояулар грам оң инфекцияға қарсы тұратындай нəтижелер көрсеткен. Олардың ішінде улылығы азы пронтозил (ашық-қызыл түсті бояу) бактериялық инфекцияға қарсы алғашқы дəрі болған. Пронтозилдің пробиркада белсенді еместігін, бірақ оның табиғи жағдайда бояудың ұсақ қоректілердің ағзасында белсенді қосылыстарға өзгеру керектігін көрсететін факты шындығында антибиотикті тапқан бактериологтарды қанағаттандырмаған. Кейінірек Пастер институтының ғалымдары пронтозилді зерттегеннен кейін, олар тышқандарға дəрі енгізілгеннен соң қызыл қосылыстың бөлінбейтіндігін анықтайды. Несептің сараптамасы тышқандардың ағзасынан түссіз қосылыс параацетамидбензосульфанамидтің бөлінбейтіндігін көрсетеді. Химиктер ацетилденген анилиннің табиғи жағдайда түссіз екендігін біледі, сондықтан олар ацетилденбеген қосылысты (сульфаниламидт) дайындайды. Сульфаниламидті стрептококпен зақымданған тышқандарға тексергенде, барлық тышқандар жазылып кеткен, ал емделмеген бақылаудағы тышқандардың барлығы өліп қалған. Сульфаниламид антибиотиктердің алғашқы тобы сульфаниламидтік дəрілерге жататын алғашқы сульфаниламидтік дəрілердің бірі. Сульфаниламид фолий қышқылы синтездейтін бактериалық ферментті ингибирлеу арқылы əсер етеді (17.11-бөлім). Осылайша, сульфаниламид бактериостатикалық наркотик, бактерияларды жоятын бактерицидтік дəрі емес, бактериялардың əрі қарай өсуін ингибирлейтін дəрі.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==