401 Кейін бірнеше жүздеген байланысқан эфирлер синтезделдген. Осындай үрдіс барысында алынған анестетиктерге бензокаинді жəне новокаин тауарлық маркасымен белгілі прокаинді айтуға болады. Прокаиннің күрделі эфир тобы күрделі эфир гидролизін катализдейтін ферменттер қатысында гидролизге жеңіл ұшырайтындықтан жартылай ыдырау уақыты өте тез жүреді. Сондықтан зерттеушілер аз гидролизденетін амидтік топтары бар қосылыстарды синтездеуге ден қойған (11.6-бөлім). Осылайша, кең таралған иньекциялық анестетик лидокаин ашылған. Лидокаиннің гидролизденетін жылдамдығы реакцияға бейім карбонил топтарына кеңістіктік кедергі жасайтын екі орта-метил орынбасарларына байланысты. Кейіннен дəрігерлер анестетиктің əсері табиғи жағдайда (тірі организмде) егер адреналинмен бірге енгізсе біршама ұзаратындығын анықтаған. Сондықтан адреналин қан тамырын кеңейтуші болып табылады, яғни қан айналуын азайтады, нəтижесінде дəрі өзінің көздеген орнында біршама ұзақ уақыт болады. Кокаиннің құрылымдық модификацияланған аналогтарын биологиялық белсенділікке тексергенде ғалымдар прокаиннің эфирлік байланысын амидтік байланысқа алмастырса жүректі тыныштандырушы, сондай-ақ жергілікті анестетик қызметін атқаратын прокаинамид гидрохлоридінің түзілетіндігін анықтап таңғалған. Қазіргі уақытта прокаинамид гидрохлориді клиникада аритмияға қарсы дəрі ретінде қолданылады. Морфин – күшті ауру сезімін басатын көп қолданылатын анальгетик, ауруды басатын басқа дəрілер өлшенетін стандарт. Ғалымдар морфийді синтездеуді 3-Dмолекула: кока жапырақтары
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==