394 ДƏРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ ОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯСЫ. АШЫЛУЫ ЖƏНЕ ДИЗАЙН Дəрілер дегеніміз – ағзаға сіңіп содан кейін физикалық немесе организмнің психологиялық қызметін өзгертетін немесе күшейтетін кез келген зат. Дəрілер газ, сұйық немесе қатты түрінде болады. Олардың құрылысы қарапайым немесе күрделі келеді. Адамдар дəрілік заттарды бірнеше мыңдаған жылдар бойы ауруды басу үшін пайдаланып келген. Тексеріп көру мен қателер əдісі бойынша адамдар емдік мақсатта қандай шөптерді, жидектерді, тамырларды пайдалану керектігін үйренді. Табиғи дəрілік заттар, шындығында дəрілік заттардың қалай əсер ететіндігін білмей ұрпақтан ұрпаққа жетіп отырды. Дəрінің əйелдер мен ер адамдар үшін медицинадағы пайдасын білген балгерлер мен емшілер де əрбір цивилизацияның маңызды мүшелері болды. Əйтсе де сол кездегі қолжетімді дəрі-дəрмектер бүгінгі күнгі дəрі-дəрмектердің өте аз бөлігі ғана еді. 21-ТАРАУ
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==