387 тізбек фрагментіндегі негіздердің орналасу ретін анықтау үшін дəл сондай үрдіспен тексеріледі. Бастапқы ДНҚ бөлігіндегі негіздердің реті барлық тəсілдерді басқа рестрикциялық эндонуклеазамен қайталап жəне бөгейтін фрагменттерді белгілеп анықталады. 20.11 ПОЛИМЕРЛІК ТІЗБЕКТІ РЕАКЦИЯЛАР (ПТР) 1983 жылы жасалған ПТР (полимерлік тізбекті реакциялар) əдісі ғалымдарға өте аз уақыт аралығында ДНҚ күшейтуге (бірнеше көшірмелерін жасауға) мүмкіндік береді. ПТР əдіспен ДНҚ анықтау үшін бір тал шаш немесе сперматозоидтар жеткілікті. ПТР əдісі ерітіндіге ДНҚ сегменті (тұтас ДНҚ) бар затты қосу арқылы жүргізіледі: • праймерлердің артық мөлшері (қысқа ДНҚ фрагменттері), яғни күшею үшін ДНҚ екі ұшындағы бөліктердегі қысқа нуклеотидті тізбектері бар негіз жұптары (ДНҚ қысқа фрагменттері) • төрт дезоксирибонуклеотидтрифосфаттар (дАТФ, дГТФ, дЦТФ, дТТФ) Термотұрақты ДНҚ-полимераза Келесі үш саты суреттегідей жүргізіледі (20.12-сурет): • Тізбектердің бөлінуі: Ерітіндіні 95°С дейін қыздырады, нəтижесінде екі тізбекті ДНҚ екі жеке тізбекке бөлінеді. • Праймерлердің қосарланған негізі: ерітінді 54°С дейін салқындатылады, бұл ДНҚ нысанасы (жасыл) соңындағы негіз жұптары бар праймерлер (20.12суреттегі қызыл жəне сары қорапшалар). • ДНҚ синтезі: Ерітінді ДНҚ-полимераза нуклеотидтердің бастапқы нысанға қосылуын катализдейтін 72°С температуға дейін қыздырылады. Праймерлер ДНҚ-нысанының 31-соңына қосылатындықтан тұтас ДНҚ көшірмесі 51 → 31 бағытында синтезделетініне назар аударыңыздар. Содан кейін ерітінді екінші цикл басталу үшін 95°С дейін қыздырылады; екінші циклде екі тізбекті ДНҚ төрт көшірмесі пайда болады. Үшінші цикл ДНҚ жұпсыз сегіз тізбегінен басталады жəне нəтижесінде он алты жұпсыз тізбектер пайда болады. Бұл 30 циклді аяқтау үшін бір сағат уақытты алады, ол кезде ДНҚ миллиард есе күшейеді. ПТР клиникада кеңінен қолданылады. Ол ісік ауруына əкелетін мутацияны анықтауда, генетикалық ауруларды диагностикалауда, химия терапияны бақылау үшін қарсы денелер көмегімен анықтау жеткіліксіз болғанда жəне ВИЧ ауруларын анықтауда жəне инфекциялық ауруларды тез анықтауда қолданылады.
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==