Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

311 Біздер көптеген катаболиттік реакциялардың тотығу реакцияларына жататындығын көреміз. Катаболизмнің төртінші сатысындағы НАДН əр молекуласы катаболизмнің алғашқы сатыларынан түзіліп тотықтырмалы фосфорлау деп аталатын процесс кезінде АТФ үш молекуласына өзгереді. Тотықтырмалы фосфорлау, сондай-ақ бұрын түзілген ФАДН2 əр молекулаларын (ФАД тотықтыру нəтижесінде) АТФ екі молекуласына да түрлендіреді. Осылайша, майлар, көмірсулар жəне ақуыздардың энергияларының көп мөлшері (АТФ) катаболизмнің төртінші сатысында алынады. 18.2 ATФ ТАСЫМАЛДАУШЫ ФОСФОРЛАУ РЕАКЦИЯЛАРЫ АТФ қатысынсыз көптеген маңызды биологиялық реакциялар жүрмейтін еді. Мысалы, глюкозаның фосфор қышқылымен глюкоза-6-фосфат түзу реакциясы жүрмейді, себебі глюкозаның 6-ОН тобы фосфор қышқылының негіздік ОН- тобын ығыстыра алмайды. Егер АТФ болса глюкозаның 6-ОН тобы АТФ соңғы фосфатты тобын шабуылдап, фосфор-ангидрид байланысын үзеді. Фосфор-ангидрид байланысы P=O π байланысымен салыстырғанда біршама əлсіз байланыс, сондықтан реакция SN2 механизмі бойынша жүреді (9.2-бөлім). Фосфор-ангидрид байланысы өте əлсіз болғандықтан, АДФ жеңіл бөлінеді. Катаболизмнің екінші сатысында бірінші сатыда алынған қосылыстар лимон қышқылы цикліне кіретін қосылыстарға өзгереді. Лимон қышқылы цикліне кіретін қосылыстар аралық қосылыстар ацетил-КоА жəне пируват. Метаболиттік энергия аденозинтрифосфатпен (АТФ) өлшенеді. Май қышқылдары ацети-КоА молекуласына өзгереді. Тотықтырмалы фосфорлау катаболизмнің төртінші сатысында жүреді.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==