310 Катаболизмнің екінші сатысында бірінші сатыда алынған өнімдер мен май қышқылдары, моносахаридтер, амин қышқылдары лимон қышқылдарының циклдеріне кіретін қосылыстарға өзгереді. Лимон қышқылы цикліне кіру үшін қосылыстардің бірі циклдің өзінде болуы керек. Олар аралық қосылыс лимон қышқылы немесе ацетил-КоА немесе пируват. Ацетил-КоА лимон қышқылы болмайтын циклге кіретін жалғыз аралық қосылыс, ол лимон қышқылы цикліндегі аралық қосылыс цитратқа өзгереді (18.7бөлім). Пируват лимон қышқылы цикліне ацетил-Коа өзгеруі арқылы кіреді. Бұл реакция 17.7-бөлімде қарастырылған пируват дегидрогеназамен катализденеді. Катаболизмнің үшінші сатысы ацетил-КоА əр молекуласы екі молекула СО2 өзгеретін лимон қышқылы циклі. Метаболиттік энергия мөлшері аденозин-51-үшфосфатпен (АТФ) өлшенеді. Жасуша энергияны (АТФ) қоректік молекулалардан түзілетін АТФ алады. Тек АТФ аздаған мөлшері ғана катаболизмнің алғашқы үш сатысында түзіледі. Ал АТФ көп мөлшері катаболизмнің төртінші сатысында түзіледі. Сіздің тіршілігіңіз өзіңіз жейтін тағамыңызға байланысты 18.1-сурет Катаболизмнің төрт сатысы: 1. Ас қорыту 2. Май қышқылдары, моносахаридтер жəне амин қышқылдарының лимон қышқылы цикліне кіретін қосылыстарға өзгеруі. 3. Лимон қышқылының циклі 4. Тотықтырмалы фосфорлау
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==