309 МЕТАБОЛИЗМДЕГІ ӨЗГЕШЕЛІКТЕР Адамдарда қосылыстардың метаболизмі басқалармен салыстырғанда бірдей болып жүрмеуі де мүмкін. Бұл жануарларға дəрі-дəрмектерді тексерген кезде күрделі мəселелер туғызады (21.4-бөлім). Мысалы, шоколад адамдар мен иттердің ағзасында əртүрлі жолмен метаболизмге ұшырайды: адамдардан алынған зиянды емес метаболиттер, иттерден алынғанда өте зиянды болуы мүмкін. Метаболизмдердегі өзгешеліктер бір түрлердің арасынан да табылған. Мысалы, туберкулезге қарсы дəрі изониазид эскимостарда египеттіктерге қарағанда жылдам метаболизмге ұшырайды. Жүргізілген зерттеулер ер адамдар мен əйел адамдардың ағзасында дəрілердің əртүрлі сіңірілетінін анықтаған. Мысалы, ауруды сездірмейтін дəрілер тобы каппа опиаттар əйелдер ағзасындағы əсері ер адамдарға қарағанда екі есе жоғары болған. Катаболизмнің бірінші сатысында майлар, көмірсулар жəне ақуыздар май қышқылдары, моносахаридтер жəне амин қышқылдарына дейін гидролизденеді. 18.1 АС ҚОРЫТУ Барлық тіршілік процестеріне қажетті реагенттер біздің тағамдық рационымыздан алынады. Шындығында, бұл біздің қандай тағамдар жейтіндігімізге байланысты. Катаболизмді төрт сатыға бөлуге болады (18.1-сурет). Оның бірінші сатысы ас қорыту деп аталады. Бұл сатыда барлық майлар, көмірсулар мен ақуыздар май, моносахаридтер жəне амин қышқылдарына дейін гидролизденеді. Бұл реакциялар ауызда, асқазанда жəне тоқ ішекте жүреді.
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==