308 МЕТАБОЛИТТІК ЖОЛДАРДЫҢ ОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯСЫ Тірі ағзадағы реакциялар қосылыстардың синтезделуі мен метаболизміне қажетті энергия алу арқылы жүреді. Метаболизмді екі түрге бөлуге болады: катаболизм жəне анаболизм. Катаболиттік реакциялар қоректік заттардың күрделі молекулаларын энергия алу үшін ыдыратады, ал жай қарапайым молекулалар күрделі молекулаларды синтездеуге жұмсайды. Жай молекулалардан күрделі бимолекулаларды синтездеудеу анаболиттік реакциялар, бұл реакциялар энергияны қажет етеді. Катаболизм: күрделі молекулалар жай молекулалар + энергия Анаболизм: жай молекулалар + энергия күрделі молекулалар Тірі жүйелерде жүретін барлық реакциялардың фермент катализатор қатысында жүретіндігін есте сақтау маңызды. Ферменттердің катализатор болу себебі, құрамында əрекеттесетін функционалдық топтарды дұрыс бағыттайтын жəне бүйір тізбектеріндегі амин қышқылдары катализатор рөлін атқаратын коферменттер болады (17.1-тарау). Сіздердің бұл тараулардан көретін көптеген реакцияларыңыз өткен тарауларда қарастырылған реакциялар. Егер асықпасаңыздар осы тарауда аталған бұрынғы өткен тарауларға қайта оралып, ол реакцияларды қарасаңыздар, онда жасушаларда жүретін көптеген органикалық реакциялардың химиктердің жүргізетін реакцияларына ұқсас екендігін көрсесіздер. ацетил-КоА 18-ТАРАУ
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==