306 дəрумені қанның ұюына қажетті бүйір тізбектегі γ-глутаматты карбоксилдеу реакцияларын катализдейтін ферменттер құрамындағы кофермент. ЖАТТЫҒУЛАР 17. Келесі коферменттер қандай дəрумендерден алынады? а. НАД+ ə. ФАД б. пиридоксальфосфат в. N5-метилентетрагидрофолатредуктаза 18. Тотықтырғыш ретінде əсер ететін екі коферментті атаңыздар. 19. Электрондардың делокализациялануына мүмкіндік беретін екі коферментті атаңыздар. 20. Бір көміртегі тобын субстратқа беретін үш түрлі тетрагидрофолаттарды атаңыздар. 21. Қанның дұрыс ұюына қажетті қандай реакция КН2 дəруменімен катализденеді? 22. Карбоксилдеу реакциясында қандай екі коферменттер қолданылады? 23. Келесі ферменттік реакциялар үшін қажетті коферменттерді атаңыздар: а. ə. 24. Келесі реакция өнімін көрсетіңіздер. 25. S-аденозилметионин (SAM) АТФ жəне метионин арасындағы реакция нəтижесінде түзіледі (9.14-бөлім). Екінші өнім – үш фосфат. Осы реакция механизмін көрсетіңіздер. (Көмекке: бұл SN2 реакциясы).
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==