Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

305 ҚОРЫТЫНДЫ Биологиялық жүйелердегі барлық органикалық реакциялар катализатор қатысында жүреді. Биологиялық катализатор рөлін ферменттер атқарады. Ферменттік реакциядағы реагент субстрат деп аталады. Субстрат ферменттің белсенді орталығымен байланысады жəне реакциядағы байланыстардың үзіліп жаңа байланыстардың түзілу сатылары осы жерде жүреді. Ферменттердің катализаторлық қабілеттілігіне екі фактор əсер етеді: (1) əрекеттесетін топтар мен (2) каталитикалық топтар субстратқа қатысты дұрыс жағдайда орналасады. Коферменттер ферменттерге көптеген реакцияларда ферменттердің амин қышқылды бүйір тізбектерін катализдеуде көмектеседі. Коферменттер ағзада синтезделмейтін, бірақ оның қалыпты жұмыс істеуіне аз мөлшерде қажет болатын заттар дəрумендерден алынады. С дəруменінен басқа барлық суда еритін дəрумендерден коферменттер алынады. К дəрумені кофермент түзетін суда ерімейтін жалғыз дəрумен. Катализатор ферменттердің құрамындағы коферменттерге жататындары: ФАД, НАДН жəне ФАДН2 тотықсыздану реакцияларын катализдейді. Тотығу реакцияларын катализдейтін ферменттер дегидрогеназдар деп аталады. Тиамин пирофосфат (ТПФ) екі көміртегі бөлігін тасымалдайтын реакцияларды катализдейтін ферменттердегі кофермент. Биотин карбонил көміртегін карбоксилдеу реакциясын катализдейтін ферменттердегі карбонил тобы бар кофермент. Пиридоксаль фосфат (ПФ) декарбоксилдеу немесе трансаминдеу сияқты белгілі амин қышқылдарының реакцияларын катализдейтін ферменттердің құрамында кездесетін кофермент. Трансаминдеу реакциясында амин қышқылдарынан амин тобы бөлініп, басқа молекулаға беріледі де, кето топ орнында қалады. В12 дəрумені бір көміртегіндегі топ пен екінші аралас көміртегіндегі топтардың орнын сутектік байланыстармен ауыстыратын кофермент. Тетрагидрофолат (ТГФ) бір көміртегіндегі метил, метилен немесе формил топтарын субстратқа тасымалдайтын реакцияларда қолданылатын ферменттердің құрамына кіреді. KH2

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==