Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

304 Мысалы, қанның ұюына қатысатын протромбин ақуызының 7, 8, 15, 17, 20, 21, 26, 27, 30, жəне 33-орындарында глутаматтар бар. Варфарин (Коумадин) жəне дикоумарол клиникада антикоагулянт ретінде қолданылады. Олар К эпоксид дəруменінен КН2 дəруменін синтездейтін ферменттерді тежеу арқылы қанның ұюын болдырмайды. Себебі, фермент К эпоксид дəрумені мен варфаринді (немесе дикоумерол) ажырата алмайды. Бұл екі қосылыс та ферменттің белсенді орталығында байланысу үшін бəсекеге түседі. Варфарин, сондай-ақ іштен қан кету нəтижесінде өлімге əкелетін тышқанның уы. БРОККОЛИДІҢ ӨТЕ КӨП МӨЛШЕРІ Екі əйелдің қандарының дұрыс ұйымауымен сипатталатын аурулары жайлы мақалада олардың варфаринді қабылдағанынан жазылмағандығы айтылған. Сұрақтарға жауап бере отырып əйелдердің бірі күніне 1 фунт (0,45 кг) брокколи қырыққабатын жегенін, ал екіншісі күнде брокколи сорпасы мен салатын жегендерін айтқан. Ал брокколиді тамақ рационынан алынып тастағанда варфарин қанның дұрыс ұйымауын реттеудегі əсері жоғары болған. Себебі, бұл пациенттер брокколидің құрамындағы К дəруменінің көп мөлшерін қабылдаған, ол ферменттің белсенді орталығында препаратпен бəсекелесіп, препараттың əсері болмаған. варфарин дикоумарол 3-D молекула: К дəрумені КН2 дəрумені бүйір тізбектегі глутаматтардың γ-көміртегін карбоксилдеу үшін қолданылатын катализатор рөлін атқаратын ферменттердің құрамында кездеседі

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==