Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

303  15-ЖАТТЫҒУ Келесі реакциялар нəтижесінде қандай амин қышқылдары түзіледі?  16-ЖАТТЫҒУ ДРФ метил тобын қайдан алады? 17.12 К ДƏРУМЕНІ К дəрумені қанның ұю үшін қажет. К дəруменінің атауы «koagulation», неміс тілінен аударғанда «ұю» деген сөзден шыққан. Алты ақуыздың қатысымен жүретін реакциялар қанның ұюын тудырады. Бұл процестегі ақуыздар Са2+ байланыстыру үшін қажет. К дəрумені олардың Са2+-мен дұрыс байланысуы үшін қажет. К дəрумені жасыл өсімдіктердің жапырақтарында кездеседі. Бұл дəруменнің жетіспеушілігі сирек байқалады, себебі ол тоқ ішек бактерияларымен синтезделеді. КН2 дəрумені дəрумен формасындағы кофермент. КН2 дəрумені ақуыздар тізбегінде глутаматтың γ-көміртегінің карбоксилденіп γ-карбоксилглутамат түзу реакциясында катализатор рөлін атқаратын ферменттің құрамындағы кофермент. γ-карбоксилглутаматтың Ca2+ түзетін кешені глутаматтармен салыстырғандағы əсері əлдеқайда жоғары. Фермент СО2 карбоксил тобын бүйір тізбектегі глутаматтарды карбоксилдеу үшін пайдаланады. Қанның ұюына жауапты барлық ақуыздардың N-соңғы жақтарына жақын орындарда бірнеше глутаматтары болады. К дəрумені КН2 дəрумені

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==