302 негіз элиминирлеу реакциясында F+ бөле алмайды. Нəтижесінде реакция тоқтап, 5-фторурацил ферментпен берік байланысады. Ферменттің белсенді бөлігі 5-фторурацилмен бөгеліп, ДРФ байланыса алмайды. Осылайша ДРФ де ары қарай синтезделмейді, янғи ДНҚ да синтезделмейді. Өкінішке орай, көптеген ісікке қарсы препараттар ауру жасушалар мен сау жасушаларды ажырата алмайды, сондықтан ісіктің химия терапиясы қосымша əсерлер береді. Бірақ ісік жасушалары жасушалардың бақыланбайтын бөлінуінен қалыпты жасушалармен салыстырғанда жылдам бөлінеді. Олар химия терапиялық заттардан көп зақымдалады. АЛҒАШҚЫ АНТИБИОТИКТЕР Сульфанамидтер – сульфаниламидті препараттар деген атпен белгілі жəне 1936 жылы алғаш рет əсері жоғары антибиотиктер ретінде клиникаға енгізілген (21.4-бөлім). Сульфаниламидтің, құрылысы п-аминбензой қышқылына ұқсас алғашқы сульфонамид екендігіне назар аударыңыздар. Сульфаниламид фоли қышқылының құрамына кіретін п-аминбензой қышқылы арқылы ферментті тежейді. Фермент сульфаниламидтер мен п-амин бензой қышқылдарын ажырата алмайтындықтан, екі қосылыста ферменттің белсенді орталығында бір-біріне бəсекелес болады. Адамдар препараттан зардап шекпейді, себебі олар фолий қышқылын синтездей алмайды. Олар фолий қышқылын тамақ рационымен бірге алады.
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==