Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

301 Кофермент ДНҚ жəне РНҚ құрамына кіретін негіздер мен ароматты амин қышқылдарының синтезіне қажет болады (16.1бөлім). РНҚ құрамына аденин, гуанин, цитозин жəне урацил (A, G, С жəне U) сияқты гетероциклді негіздер, ДНҚ құрамына аденин, гуанин, цитозин жəне тимин (A, G, C жəне T) сияқты гетероциклді негіздер кіреді. Басқаша сөзбен айтқанда, РНҚ мен ДНҚ құрамындағы гетроциклдік негіздер бірдей, тек РНҚ құрамында урацил (U), ал ДНҚ құрамында тимин (Т) болады. Не себепті ДНҚ құрамында урацил орнына тимин болатындығы 20.9-бөлімде түсіндірілген. Тиамин ДНҚ биосинтезі үшін қолданылады жəне урацилден құрамында кофермент ретінде N5, N10метилен-ТГФ тимидилат синтетаза ферменті қатысында синтезделеді.  14-ЖАТТЫҒУ Кандай кофермент тетрагидрофолат деп аталады? Тиамин мен урацилдің құрылымдық өзгешеліктері тек метил тобы болғанымен, тиамин метилен тобының урацилдің метилен тобына қосылады да, метил тобына дейін тотықсызданады. Кофермент тотықысыздандырғыш, яғни ол тотығады (сутегінің екі атомын жоғалтады). Тотыққан кофермент дигидрофолат болады. ІСІКТІҢ ХИМИОТЕРАПИЯСЫ Ісік жасушалардың аномальді өсуі мен пролиферациясы болып табылады. Себебі, жасушалар ДНҚ-ны синтездей алмаса көбейе де алмайды. Осыған байланысты ғалымдар тимидилат синтазаға бөгет жасайтын қосылысты іздестірген. Егер тимидин (Т) пайда болмаса, ол ДНҚ-ны да синтездей алмайды. Жалпы тимидилатты тежейтін ісікке қарсы препарат ол 5-фторурацил. Тимидилат синтаза урацил жəне 5фторурацилмен фтор сияқты əрекеттеседі. 5-фторурацил оны ферментке бекітеді, себебі Тетрагидрофолат (ТГФ) бір көміртегі бар топты субстратқа тасымалдайтын реакцияларда катализатор рөлін атқаратын ферменттердің құрамында болатын кофермент 3-D молекула: тетрагидрофолат (ТГФ)

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==