Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

300  13-ЖАТТЫҒУ В12 коферменті қатысында жүретін келесі ферменттік процесте қандай топтар алмасады? 17.11 ФОЛИЙ ҚЫШҚЫЛЫ Тетрагидрофолат (ТГФ) бір көміртегі бар топты субстратқа тасымалдайтын реакцияларда катализатор рөлін атқаратын ферменттердің құрамында болатын кофермент. Бір көміртекті топ ол метил тобы (CH3), метилен тобы (CH2) немесе дəрумен алынатын фолий қышқылындағы қос байланысты тотықсыздандыру арқылы алынатын тетрагидрофолаттың формил тобы (НСО) болады. Бактерияларда фолий қышқылы синтезделеді, ал ұсақ қоректілерде ол синтезделмейді (21.4-бөлім). Төменде үш ТГФ-коферменттері берілген: N5-метил-ТГФ метил тобын береді; N5, N10-метилен-ТГФ метилен тобын береді; жəне N5, N10- метенил-ТГФ формил тобын береді.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==