299 Мысалы, келесі əр реакцияда бір көміртегімен қосылған топтар метил тобындағы Н атомымен орын ауыстырады. Ө М І Р Б А Я Н Дороти Кроуфут Ходжкина (1910-1994) Египетте ағылшын жанұясында дүниеге келген. Ол Оксфорд университетінің Сомервиль колледжінде бакалавр дəрежесін жəне Кембридж университетінде философия докторы дəрежесін алады. Ол кристаллографияда алғашқы болып үш өлшемдік есептеулерді жасаған жəне қосылыстың құрылысын анықтауда алғашқы болып компьютерді қолданып пенициллин, инсулин жəне В12 дəруменінің құрылысын анықтаған. Оның В12 дəруменіне жасаған жұмыстары бойынша 1964 жылы химия саласындағы Нобель сыйлығы берілген. Ходжкина Сомервильде химия профессоры болып қызмет жасаған. Онда аспиранттарының бірі – бұрынғы Англияның премьер министрі Маргарет Тэтчер болған. Ол, сондай-ақ ғалымдар мен темір шымылдық арасындағы қатынасты жақсарту үшін құрылған Пагуош қозғалысының негізін салушылардың бірі. 3-Dмолекула: В12 коферменті, В12 дəрумені B12 коферменті көміртегімен қосылған топпен аралас көміртегіне қосылған топтар арасында сутегін тасымалдайтын реакцияларда катализатор рөлін атқаратын ферменттерге қажет.
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==