Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

297 • коферменттің альдегид тобы субстраттың біріншілік аминімен əрекеттесіп имин түзеді (12.7-бөлім). • СО2 бөлінгеннен кейін қалған электрондар коферменттің оң зарядталған азот атомына жинақталады. • Электрондық қайта құрылу мен α-көміртегі протонданып, фермент ароматты алты мүшелі сақинасы тотықсызданады да, аралық өнім декарбоксилденеді. • Гидролизден имин түзіліп, амин қышқылы декарбоксилденеді жəне фермент қайтадан бөлінеді. Көптеген амин қышқылдарының метаболизміндегі бірінші реакциясында амин қышқылындағы амин тобы кетон тобына ауысады. Бұл трансаминдеу деп аталады, себебі амин қышқылынан амин тобы бөлініп, α-кетоглутараттың кетон тобына қосылады да, глутамат түзіледі. Трансаминдеу ПФ қатысында жүретін жиі кездесетін реакция. Қайта аминдеу реакциясында катализатор рөлін атқаратын ферменттер аминтрансфераздар деп аталады. Трансаминдеу əртүрлі амин қышқылдарындағы амин тобының бір амин қышқылына (глутамат) жинақталуына мүмкіндік береді. Нəтижесінде азоттың артық мөлшері ағзадан жеңіл бөлініп шығады.  12-ЖАТТЫҒУ α-кетоглутараттан басқа α-кетоқышқылдары фермент қатысындағы қайта аминдеуде амин қышқылдарындағы амин тобын қабылдау үшін қолданылады. Сонда келесі α- кетоқышқылдардан қандай амин қышқылдары алынады? 17.10 В12 ДƏРУМЕНІ Белгілі бір қайта топтасу реакцияларында катализатор рөлін атқаратын ферменттердің құрамында болатын В12 дəруменінен алынатын кофермент. Дəруменнің құрамында C≡N немесе OH топтары кобальт атомымен байланысқан. В12 коферментіндегі бұл топ 5 1-дезоксиаденозил тобымен алмасқан. ə. а. пируват оксалоацетат

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==